Қоғам

Қазақстандықтар жеке куәлігін курьер арқылы алдыра алады

Жаңашылдық 3-6 ай уақыттан кейін жүзеге аса бастайды.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол қазақстандықтарға жеке куәлігін курьер арқылы табыстау мәселесі қарастырылып жатқанын хабарлады.

Біз қосымша қызметті Ішкі істер министрлігімен талқылаймыз. Себебі бұған қатысты ешқандай сұрақ туындамауы керек. Жеке куәлік – өте маңызды құжат. Мұны азаматтар да түсуінуі керек. Мұнда адамның келісімін тіркеу керек,

деді Әсет Тұрысов.

Курьер қызметіне тапсырыс беру биометриялық растаудан (Face ID) кейін ғана мүмкін болады. Журналистер құжаттарды курьер арқылы алдырудың қаупі барын, курьердің құжаттарды алаяқтарға беруі мүмкін екенін айтты.

Вице-министр курьердің қалай таңдалатыны туралы ІІМ-мен талқы болады деп жауап берді. Болуы мүмкін қауіптер толығымен ескеріледі деп сендірді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago