Categories: Саясат

Халықтың 71,7%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды

Қазақстандықтардың 71,7%-ы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Телеграм-арнасында хабарлады.

Бұл сайлаудың алғышарты 2022 жылдың наурыз айында, яғни, президент өз Жолдауында саяси реформалардың жан-жақты бағдарламасын ұсынғанда қаланған болатын. Бір жылға жетпейтін уақытта партиялар үшін шынайы бәсекелестік орта қалыптасты, азаматтардың Парламент пен мәслихаттарға өзін-өзі ұсынуына жол ашылды,

деп жазды Мемлекеттік кеңесші.

Айтуынша, мұны қолда бар статистика да дәлелдеп отыр.

Мысалы: 1) Парламент сайлауына барлық жеті саяси партия қатысып жатыр. Оның екеуі партия туралы заңнамаға өзгерістер енгеннен кейін тіркелді. Сондықтан партиялар арасындағы бәсекелестік бұл сайлау кампаниясының негізгі элементі болмақ. 2) Мәжіліс депутаты болуға партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша барлығы 892 азаматтың кандидатурасы ұсынылды (орташа есеппен 1 мандатқа 9 үміткерден келеді),

деді Ерлан Қарин.

Мемлекеттік кеңесшінің ойынша, сайлауға қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділердің көптеп қатысып жатқаны (оның ішінде, әдетте билікті сынап жүрген азаматтар да бар) олардың жүргізіліп жатқан реформаларға сенімі мен қолдауын білдіреді.

Елімізде соңғы жылдары орын алған барлық өзгерістерді, барлық жаңашылдықтар мен реформаларды жұртшылықтың қызу қолдап отырғанын халық арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер де көрсетіп отыр. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, қазақстандықтардың 71,7 пайызы еліміз дұрыс бағытта дамып келе жатыр деп санайды,

деп аяқтады ойын ол.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago