Categories: Саясат

Тоқаевтың қателігі: «қауіпті кандидаттардан» құтылып жатыр

18 ақпанда қазақ бөркін аспанға атты

Отыз жылдық тоқырау осымен аяқталды ма деп. 18 ақпанда Қазақстанда бұрын-соңды болмаған барлық деңгейдегі депутаттар сайлауының үгіт-насихаты басталды. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары нәтижесінде, енді Қазақстанда заң шығарушы және жергілікті мәслихаттар билігіндегі лауазымға кәмелетке толған, сотталмаған және қай партияға кіретініне қарамастан кез-келген ел азаматы өз кандидатурасын ұсына алады.

Рас. Бәріміз қуанғандай едік, өйткені елімізде белсенді азаматар баршылық. Елімізді жақсы жаққа, дұрыс бағытқа қарай өзгерткісі келетін. Әлеуметтік желілер мен аула-көшелерде мәжіліс пен мәслихатқа депутат болып, мемлекетті көркейтемін дегендердің бағдарламалары қаптады.

Бірақ бұл ертегі тура бір аптаға ғана созылды,

дейді белгілі блогер Нәсима Қорғанбекова.

25 ақпанда күтпеген жерден салық органдары оянып кетпей ме?!

Содан ол қулар бас салып депутаттыққа кандидат болып тіркеліп қойған, әбден шығындалып, үгіт-насихатын бастап кеткен кейбір адамдардың тапсырған декларацияларынан сәйкессіздік табуға кірісті. Ал айтаққа ерген орталық сайлау комиссиясы салық органдарының деректерін алға тартып, кеше өзі кандидат етіп тіркеген талай адамның тіркеуін қайтадан жоққа шығаруға кірісті жалма-жан.

– Кеше ғана адам сияқты тіркеліп, бүгін ит сияқты тіркеуден шығарылған кандидаттар не істерін білмей отыр. Не істейді енді олар? Үгіт-насихат науқанын дереу тоқтатып, жоспарланған шараларының бәрінен бас тартуы керек. Орталық сайлау комиссиясын сотқа беріп үлгермейді, сосын қу автократияның қу жоғарғы сотынан түк қайыр болмасы да белгілі. Бұл деген барып тұрған бассыздық. Алдымен адамдарға үміт беріп, өздері кандидат етіп тіркейді екен. Сосын барып қаншалықты қауіпті, шынымен де халықтан шыққан шын адал адамды байқамай тіркеп қойғанын түсініп, аш пәледен қаш пәле деген кері тірлікке кіріседі. Артында өзіне бағынышты дауыс берушілер, жалдамалы блогерлері мен мол ақшасы тұрған бай-арам кандидаттар өзіне қарсы шынайы шын адал адамның қарсылас болғанын қаламайды екен. Біз деген президенттің бастамалары мен реформаларына сеніп жүрсек, қу арам атқарушы органдарымыз президенттің өтірік реформаларының өтірігін өзі ашып, өздері-ақ жоққа шығарып жатыр. Ақорда өзі шешсін енді. Екі жолдың бірін өзі таңдасын. Ертең Блинкен ашығын айтып кетер оған. Қазақстандағы осы уақытқа дейінгі ең демократиялық дейтін оқиғаның қалай өрбитінін көрелік енді. 19 наурызда депутаттар сайлауы өтеді, – дейді Қорғанбекова.

Сайлау өтер. Сосын ше?

«Елдегі белсенділерді бір-біріне айдап салып, жауластырып қойғысы келгің келсе, сайлауға сал оларды! Сайлауға түсіп жатқан азаматтар бірінің кемшілігін бірінің бетіне басып, бірін-бірі аяқтан шалып, бәсекелесін жарыс жолынан алып тастауға барып салып жатыр», дейді журналист Жолымбет Мәкіш.

Сайланатын адам – депутат болып сайланады.

Рас-ау, кімнің бағы жанса, сол депутат болады түбі. Бірақ осы науқан кезінде айтылған ауыр сөздерді кейбіреуі көңіліне алып қалып, сайлау біткеннен кейін бұрынғыдай арқа-арқа боп араласуды да қояды-ау енді…

Сөйтіп, бұрын бір-біріне тілеулес болып, бір-біріне лайк басып жүрген қоғамдағы протесттік күштердің ынтымағы баяғыдай болмай қалады.

– Кандидаттарды сүзгіден өткізіп, іріктеп, жақпайтындарын шеттетіп отыратын ескі жүйенің адамдары бар-ау деймін осы. Жүсіп Сұлтан хан Аққұлұлы сияқты өзім депутат болып кетсе екен деп жүрген бір-екі кісіні сайлау науқанынан алып тастапты. Аққұлұлы бір сұқбатында ресейшілдерді қатты сөккен еді, сол үшін алып тастаған шығар деп ойлап отырмын. Билікке көті жабысып қалған ескі гвардиядан құтылу оңай болмайтын сияқты. Сіресіп, алынбайтын қамал құсап тұр бұлар. Қазақстанды қайтіп жаңартпақшы сонда бұлар, – деген сауал тастайды Мәкіш.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago