Цифрландырудың жаңа форматы мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталуына негізделген.
Қазақстан үшін маңызды басымдықтардың бірі Government to citizens, яғни азаматтарға қызмет көрсету саласы болып табылады. Бұл туралы Digital Bridge 2022 халықаралық технологиялық форумының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Цифрлық технологиялардың көмегімен біз азаматтардың күнделікті өмірін барынша жеңілдетуге және барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктерге қол жеткізуге ниеттіміз.
Ол үшін мемлекеттік басқаруды цифрландырудың Invisible Government («көрінбейтін үкімет») сапалы жаңа форматына көшу қажет,
деп атап өтті мемлекет басшысы.
Оның мәні мемлекеттік саясаттың басты бағыты адамға, оның қажеттіліктері мен мүдделеріне бағытталатындығында. Мемлекет қабылдаған шаралар мен шешімдердің кең ауқымы азаматқа көрінбейді – ол тек нақты нәтижені көреді.