Фото: ашық дереккөзден
Ақсақал наурыз айында жолға шығып, 8 мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өткен.
Қазақстанның даласын жаяу аралап шыққан 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашев өз сапарын аяқтады. Сәрсенбай ақсақалдың сәтті сапары Ұлытау топырағынан басталыпты. Жүріс-тұрысы ширақ, тың қарияны елорда әуежайында бір топ кісі күтіп алып, құрмет көрсетті.
Жаяу жүріп өткен жол сапарымды Ақтауда аяқтадым. Еліміздің барлық өңірінде болдым. Жоспар орындалды. Діттеген мақсатыма жеттік. Мақсатым — Қазақстанымды жаяу аралап шығу еді. Енді дүниежүзіне сапар шексем бе деп отырмын. Келер жылы жазда жолға аттанамын,
деді ақсақал.
Сонымен қатар, ол жаяу жүріп атымды шығару, не рекорд орнатуды көздемегенін де айтты. Тек еліміздің тұмса табиғатын өз көзімен көруді арман еткен екен. Ақсақал сәл тыныққан соң Әзірбайжан мемлекеті арқылы Еуропа, одан әрі АҚШ-қа баруды көздеп отыр. Тізімде, содай-ақ, Қытай мен Моңғолия да бар.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…