Categories: Қоғам

Қазақстаннан депортацияланған ресейлік офицердің әйелі Франциядан саяси баспана сұрады

Бірнеше апта бұрын Қазақстаннан Ресейге депортацияланған Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) офицерінің әйелі Франциядан саяси баспана сұражы. Себебі ол өзінің және балаларының Ресейге депортациялануы мүмкін екеніне қауіптенеді.

Екатерина Жилина «Азаттық Радиосына» балаларын алып, Қазақстаннан Парижге кеткенін, ол жақтан саяси баспана сұрағанын айтты. Қазақстанда жүрген ресейлік журналист Евгения Балтатарова Telegram арнасында Қазақстанның прокуратурасы Францияға кеткелі жатқан Жилинаға ерекше қызығушылық танытқанын хабарлады.

Михаил Жилин Ресей президенті Владимир Путин мобилизацияға жариялағаннан кейін отбасын Қазақстанға жіберген. Кейін 36 жастағы офицер отбасының артынан келген, дегенмен паспорты жоқ болған соң шекараны орман арқылы заңсыз кесіп өткен.

Жилин Қазақстаннан саяси баспана сұраған, бірақ оның өтініші қабылданбаған. Кейін оны Қазақстан Ресейге депортациялаған.

Жилин Новосибирскідегі ФСБ арнайы байланыс және ақпарат басқармасында ауысым бастығы болып жұмыс істеді және Путиннің Сібір федералды округінің аймақтарымен байланысына жауапты болды.

Қашқаннан кейін Ресей Жилинді «қашу» және «Ресей Федерациясының Мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту» баптары бойынша халықаралық іздеуге жарияланды.

Жилинді 26 қыркүйекте Қазақстанның Абай ауданындағы шекарашылар ұстады.

Жилиннің әйелі күйеуі Ресейде азапталуы мүмкін деп қорқады. Ол кінәлі деп танылса, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 секунды ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago