Categories: Қоғам

Қазақстандағы 255 елді мекенді су басуы мүмкін

Қазақстан су тасқыны жағдайына дайын емес. Бұл туралы Төтенше жағдай министрі Юрий Ильин айтты.

Министрдің сөзінше, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Абай, Жетісу облыстарында су басу тәуекелі жоғары.

Бүгінде су тасқыны жағдайына толық дайындық туралы айту мүмкін емес.(…) 255 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр, бұл — 127 мыңнан аса үй мен 700 мыңнан аса азамат. Былтырғы су тасқыны кезеңін талдау нәтижелері бойынша, су тасқынының негізгі себептері — өзен арналарының балдырлануы мен лайлануы, арық жүйелердің болмауы, су қорғау аймақтарында тұрғын үйлердің салынуы,

деді Юрий Ильин Үкімет отырысында.

Министрлің айтуынша, кей әкімдіктер бұл мәселе тек ресми іс ретінде қарайды.

Үкімет отырыстарының қорытындысына қарамастан, әкімдіктер 2022 жылға көзделген Жол картасының барлық іс-шараларын іске асырған жоқ. Бүгінде 68-ден 15,6 миллиард теңгеге 41-іс-шараны іске асыру аяқталған жоқ. Бұған жергілікті бюджеттерден қаражаттың бөлінбеуі немесе уақтылы бөлінбеуі ықпал етті. Өткен жылдардағы тәжірибе бойынша, елді мекендерді су басу қаупінің алдын алуда қардың уақтылы шығарылуы, су айдау құралдарының болуы және өзендердегі мұздың әлсіреуі үлкен маңызға ие,

деді министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

20 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

20 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

21 час ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

7 дней ago