Қазақстаннан Дубайға құны 84 млн теңге болатын алтын шығарылмақшы болған

ІІМ құны 80 млн теңге болатын 3 келіден астам алтын контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Алматы әуежайы арқылы Біріккен Араб Әмірліктеріне бағалы металдарды заңсыз әкетуді жүзеге асырмақ болған қылмыстық топ қызметі ұсталды.

Контрабанда мемлекеттік бақылауды аттап өтіп, көлік полициясының лауазымды тұлғаларына пара беру арқылы жүзеге асырылған.

Алматы қаласының халықаралық әуежайында Көліктегі полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкеріне кедендік және шекаралық бақылау аймағы арқылы “сәлемдемені” алып өтуі үшін 600 АҚШ доллары сомасында пара беру әрекеті кезінде Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Жеке тексеру барысында одан 1200 АҚШ доллары тәркіленді,

делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде әуежай ғимаратында ҚХР азаматы ұсталды, ол күдіктінің сыбайласы бола отырып, алтынды әуе арқылы Алматыдан Дубайға жеткізуі керек болған.

Оның сөмкесінен полиция қызметкерлері салмағы 3 кг. 200 гр. болатын алтын құймаларын тапты. Оның құны шамамен 84 млн теңгеден асады,

делінген хабарламада.

Тергеу соты санкциясы арқылы қазақстандық күдіктінің тұрғылықты жері бойынша Алматыдағы коттедждердің бірінде тінту жүргізілді. Онда құймалардағы алтын мен металдың мөлшерін анықтайтын электрон таразы мен арнайы құрылғылар тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдіктілерді уақытша ұстау изоляторына қамау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу тобы қымбат металдың шығу көзін және қылмыстық топтың басқа да сыбайластарын анықтап жатыр.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 минут ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

43 минуты ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

51 минута ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

60 минут ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

24 часа ago