«Ауруына қарамай келіп, басынан соққы алды». Әлемдік БАҚ Папаның Қазақстанға сапары туралы

Әлемдік БАҚ Рим Папасының Қазақстанға келгені туралы не жазып жатыр?

13 қыркүйекте Рим Папасы Қазақстанға үш күндік мемлекеттік сапармен келді. Бірінші күні ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елде аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кеше Астанада Папаның қатысуымен қасиетті месса өтті, оған 7 мыңнан астам адам келді. Сондай-ақ, қасиетті мессаға қатысу үшін еліміздің солтүстігінен, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Германия, Австриядан қажылар келді.

Британдық Daily Mail басылымы сапар кезіндегі ерекше фотосуретке назар аударды. Басылым Папаның президент Тоқаевпен кездесуі кезінде түсірілген фотосуретті жариялап, «Бұл бастан ұру емей, немене!» деген сипат берді.

«Рим Папасы Қазақстанға сапары кезінде күзетшінің тепкісіне ұшыраған сияқты», — деп жазды басылым. Алайда дұрыс бұрыштан түсірілмегендіктен оптикалық елес екенін атап өтті.

Америкалық Fox News телеарнасында Рим Папасы Франциск Қазақстанға зайырлы және діни көшбасшылармен кездесуге үш күндік турне жасау үшін келді деп жазды. Сондай-ақ, телеарнада сапардың соңғы нәтижесі спекуляцияға толы болатынын атап өтті, өйткені Қазақстанда Папамен бір уақытта болатын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігі болады.

Euronews және Deutsche Welle порталдарында понтификтің Украинадағы қақтығыс туралы сөздерін атап өтті. Сонымен қатар, мақала авторы Рим Папасының Тоқаевпен кездесуі және оның дипломатиялық корпусқа және елдің азаматтық қоғам өкілдеріне үндеуі туралы хабарлады.

Сонымен бірге, The Washington Post басылымы 85 жастағы Франциск тізе ауруының өршуіне қарамастан сапарға шыққанын атап өтті. Папа соңғы жылдары өз бетінше қозғалуы қиындаған.

Франциск Римнен 6,5 сағаттық ұшудан кейін трапта әрең жүрді, ол шаршаңқы көрінді, таяқ ұстап, ақсаңдап жүрді, қаладағы көптеген іс-шараларға мүгедектер арбасына отырып қатысты. Дәрігерлер оған алыс сапараларды кейінге қалдыруды ұсынды,

деп жазады басылым.

Сапардың соңғы күні Рим Папасы Франциск әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Қазақстан мен көршілес елдерден Рим-католик шіркеуінің дін қызметшілерімен, монастырлық және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

11 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

11 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

12 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago