«Салауатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтары үшін» Ұлттық зерттеуінің мәліметінше, 2022 жылы халықтың көпшілігі ішімдікті қалыпты мөлшерде ішеді немесе мүлдем ішпейді (92,4 пайыз). Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Алкогольді ішімдіктерді қауіпті дозада тұтыну ерлер үшін аптасына 168 грамнан, әйелдер үшін 84 грамнан асса таза этанол болып саналады.
Жалпы, қазақстандықтардың 7,6 пайызы алкогольді қауіпті дозада пайдаланады.
«Жалпы халық арасында қауіпті дозада алкогольдік ішімдіктерді тұтынудың таралуы — 7,6 пайыз, ерлер арасында алкогольге тәуелділіктен зардап шегетіндер 2,7 пайыз және әйелдер арасында айтарлықтай жоғары — 11,8 пайыз»,
делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша айырмашылықтар Қазақстанда айқын байқалады.
Ақтөбе (20,9 пайыз) және Қостанай (19,6 пайыз) облыстарында алкогольді тұтынудың ең жоғары көрсеткіштері анықталды.
Сондай-ақ, Алматының орташа республикалық көрсеткіші — 15,5 пайыздан асады.
Ал Маңғыстау облысы мен Шымкентте ең төменгі көрсеткіш — 0,8 пайыз және 1 пайыз.