Елдің төрт өңірінде көмір жетіспейді. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкімет отырысында айтты.
Министрдің айтуынша, қуат көздері қоймаларындағы көмір қоры 3 миллион тоннаға жуық.
Бұл негізінен бекітілген стандарттарға сәйкес келеді. Алайда кейбір станцияларда бұл норма сақталмайды. Олар: Қарағанды ЖЭО, Теміртау ГРЭС — 15 тәулікке, нормасы 20. Павлодар ЖЭО-да 7 тәулікке, нормасы 10 және Петропавл ЖЭО-да 17 тәулікке, нормасы 20. Өткен кезеңде Петропавл ЖЭО-дағы көмір қоры толықтырылды. Қазір олар ҚТЖ-мен қосымша жұмыс істеп жатыр. Әлі үш күн қалды, толтырамыз,
деді Болат Ақшолаков.