Биыл құрылыс саласы мен Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) дамытуға 750 млрд теңгеден астам қаражат қажет болады, деп хабарлайды LS.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің (бұрын – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жоспарларына сәйкес, осы бағдарлама шеңберінде 752,5 млрд теңге екі стратегиялық мақсат бойынша бағытталатын болады.
Біріншіден, қала құрылысы және құрылыс саласының халықаралық стандарттарға көшуін қамтамасыз ету жоспарлануда. Ол үшін 2,7 млрд теңге қажет.
Қаржыландыру есебінен осы саладағы нормативтік техникалық құжаттар заманауи технологияларды қолдана отырып жасалады. Сондай-ақ, салынған аумақтың жерасты және жер үсті коммуникацияларына 12,7 мың гектарға түгендеу жүргізу жоспарлануда.
Технологиялық карталарды, үлгілік жобаларды, сметалық-нормативтік базаны әзірлеу; Орталық, Батыс өңірді және Шымкент агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын түзету жөніндегі жұмыстар жалғасады.
Екіншіден, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау қажет. Сондай-ақ, инфрақұрылымды және ТКШ-ны жаңғырту бар. Осы мақсатқа ағымдағы жылы 749,8 млрд теңге жоспарланған.
Оның ішінде қалаларда сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 164,6 млрд теңге, ауылдық елді мекендерде 113,3 млрд теңге бөлінеді.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу 94,6 млрд теңге. Астананың нөсер кәрізі 13,2 млрд теңгені қажет етеді. Шымкентте кәрізді тазарту құрылыстарын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін кеңейту (қазір тәулігіне 50 мың текше метр) 1,7 млрд теңгені құрайды.
Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй сатып алуға 105,2 млрд теңге бөлінеді. Пилоттық жобалар шеңберінде Астанада олар үшін тұрғын үй салу және реконструкциялау 3,2 млрд теңгені қажет етеді. 28 млрд теңге осы нысандардан тұрғын үй сатып алған 1,6 мың қазақстандықтан сегіз үлестік құрылыс жобасын аяқтауға бағытталмақ.
Жылумен жабдықтау жүйелерін салу мен реконструкциялауда 69,4 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылуда. Бұл жүйені дамытуға Қарағанды облысында 3 млрд теңге бөлінеді.
Бұдан басқа, осы бағыттағы басқа да жобалар іске асырылуда.
Министрліктің болжамынша, іске асырылған жобалар есебінен қала тұрғындарының 99%-ы, ауыл тұрғындарының 95,1%-ы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізе алады. Республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында халықты ағынды суларды тазартумен қамту 80%-ға жетеді. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуы 50%-ға дейін төмендейді.
Сондай-ақ, күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиумдардың үлесі 31,2%-ға дейін азаяды. Биыл 15,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде Астанада жаңа схема бойынша пилоттық жобалар шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтары мен көпбалалы отбасылар үшін кемінде 609 пәтер бой көтереді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…