Categories: Экономика

Қазақстанның қант импортына тәуелділігі 90%-дан асып жығылды

Бұл туралы ҚР сауда және инвестициялар министрі – вице-премьер Серік Жұманғарин мәлім етті.

2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тоғыз атауы бойынша 16,2%-дан 55,9% — ға дейін импортқа тәуелділік бар және қант бойынша импортқа тәуелділік 90%-дан асады.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстан негізінен тауық еті, ірімшік пен сүзбе, сары май мен күнбағыс майы, макарон және маусымаралық кезеңде – қырыққабат пен пияздың импортына тәуелді.

Айта кетейік, 19 сәуірде Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Тоқаев Қазақстанда инфляция соңғы 15 жылда болмаған деңгейге жеткенін айтып, мұның себебін ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нәтиже жоқтығымен байланыстырды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago