Желтоқсаннан бері Украинада 20 мыңға жуық ресейлік әскери қаза тапты — АҚШ

Байден әкімшілігінің бағалауы бойынша, желтоқсаннан бері Ресей Украинада 20 мың әскери қызметкерінен айырылды, тағы 80 мыңы жараланды. Бұл туралы Ақ үйдегі брифингте АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби жақында жария етілген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлады. Ол қаза тапқандардың жартысынан көбі «Вагнер» жеке әскери компаниясының әскери қызметшілері екенін атап өтті.

Кирбидің айтуынша, Ресейдің Бахмуттағы шабуылы тоқтап, сәтсіздікке ұшырады. «Ресей үшін Бахмут қаласы арқылы Шығыс Донбассқа шабуылы өте қымбатқа түсті», — деді ол.

Джон Кирби Украинаның шығындары туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Оның айтуынша, Ақ үй Украина мен оның әскерінің жағдайын қиындататын ақпаратты жарияламайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

21 час ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago