Антикоррупциялық қызмет бұрынғы Әділет министрін қамауға алды.
Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Әділет экс-министрін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша ұстады.
Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді,
деп хабарлады агенттіктің ресми өкілі Арман Тлеукенов.
Активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасуда.
Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жарияланбады.
Кейбір ақпарат көздерінің мәліметінше, күдікті — 2016-2022 жылдары Әділет министрі болған Марат Бекетаев.