Қазақстан теннисшісі Анна Данилина жұптық сайыста WTA250 BNP Paribas Poland Open турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирдің финалында Анна Данилина неміс теннисшісі Анна-Лена Фридзаммен жұптасып, корт қожайындары Катарзына Кава – Алисия Росольсканың дуэтінен басым түсті.
Кездесу 2 сағатқа созылып, 6:4, 5:7, 10:5 есебімен Қазақстан-Германия жұбының пайдасына шешілді.
Анна Данилина үшін бұл — WTA турындағы үшінші үлкен жетістік. Спортшы бұған дейін 2022 жылдың басында қазақстандық Беатрис-Хаддад Маямен бірге Сиднейдегі турнирде (WTA 500), ал былтыр Гданьск қаласында (Польша) жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 250 сериясының дебюттік кубогын жеңіп алды.