Categories: Қоғам

Қазақстанның әділетсіз сот жүйесін қайтеміз?

Екі вайнер төңірегіндегі шу былтыр 12 желтоқсанда сотқа жолданған еді. Олар қаржы пирамидасын жарнамалады, халықты алдады деген күдікке ілінді. Әрине, халықтың арасында қуанғандар да болды, жаны ашитындар да табылды. Егер халық өзінің білімсіздігінен болмайтын жерге ақшасын салса, бұлардың не кәнісі бар деген сұрақ туындайды. Біздің халық еліктегіш. Кім не айтса, соны істейтіндері, аңқауланып жүретіні күйдіреді. Дегемен, ақталатын жағдай емес. Бірақ 5 жыл деген тым көп емес пе? Оларды қаржы пирамидасын құрды деп айыптапты. Бұл екі вайнер өздері де күйіп отыр ғой. Сеніп, миллиондаған ақшасын салған. Өздері сенген соң, халыққа да айтқаны үшін сотталып жатыр.

Мейіржан Төребаев бес баланың әкесі болып отырып, өзін тозақтың отына тастайтын ба еді?

Парадокс қайда жатыр? Екі вайнерге сот үкімі шыққан күні, тағы да бір әділетсіз жағдай орын алды. Әйелін пышақтап, 18 жерінен қинап өлтірген қылмыскерге сот небәрі 1,5 жыл беріпті. Ол қалай? Адамның өмірі осылай құнсыз болғаны ма?

Айдың аманында балаларды зорлаған педофилдер де жазадан қалай құтылып жүр? Қыздарды зорласа, олардың өзін кінәлі етуіміз қалай?

Енді Мейіржан Төребаевтің әйелі мен достары аппеляциялы шағым түсіреміз деп белсеніп отыр.

Айта кетейік, Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шыққан еді. Сот қаулысы бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Компания басшысы Руслан Бурханов 12 жылға, құрылтайшысы Андрей Ча 5 жылға сотталды.

Соттың хабарлауынша, Төребаев пен Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды. Атап айтар болсақ,  217-бап — «қаржы пирамидасын құру және басқару» және 262-бап — «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және басқару».

Ал вайнерлер тек 217-бап бойынша кінәлі деп танылды. Сот үкімімен күдіктілерге бас бостандығынан айырудың түрлі мерзімдері тағайындалды.

Мейіржан Төребаевқа ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Мейірхан Шерниязов ең төменгі қауіпсіздік колониясында бес жыл жазасын өтесін,

делінген сот қаулысында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago