Categories: Экономика

Қазақстанның мұнай саласында қиыншылықтар туды

Украинадағы соғыс және санкциялар негізінде Қазақстанның мұнай өнеркәсібіне ілгері жылжуға көмектесуі керек еді. Алайда бәрі ойдағыдай болмады.

Белгілі экономист Эльдар Шамсутдинов өзінің Telegram-арнасында сатуға қолайлы сәтте Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде қиындықтар туындағанын сөзбе-сөз былай деп жазды:

Екі апат өндірісті тоқтатты

«Ел билігі Ресейлік баррельдің орнына Германияға шикізат жеткізу туралы келіскеннен кейін Қазақстанның мұнай өнеркәсібінде қиындықтар басталды.

Ақпан айында қазақстандық мұнай соғысқа дейін «Роснефть» компаниясына тиесілі болып келген немістің «Шведт» мұнай өңдеу зауытына жөнелтілгеннен кейін Қазақстанның екі ірі мұнай өңдеу зауытында апаттар орын алды.

Reuters агенттігінің саладағы үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, Павлодар мұнай өңдеу зауыты 11 ақпаннан бастап дизель отынының өндірісін уақытша тоқтатқан. Зауыттың баспасөз қызметі ақаудың мұнай өнімдерін гидротазалау және құрамындағы күкіртті азайту үшін қолданылатын сутегі өндіру қондырғысында анықталғанын айтты.

Қазақстандағы дизельдік отынның үштен бір бөлігін қамтамасыз ететін Павлодар мұнай өңдеу зауытында өндірісті қалпына келтіру 14 ақпанға жоспарланған болатын.

Ал осыдан екі апта бұрын, яғни 1 ақпанда, Атыраудағы зауыт та каталитикалық крекингін тоқтатқан болатын. Қазақстанда 1-12 ақпанда дизельдік отынның жалпы өндірісі екі есеге дерлік – 7,6 мың тоннаға дейін төмендеді, ал билік басындағылар мұнай өнімдерін экспорттауға төрт айға тыйым салынатынын хабарлаған болатын.

Германияға сату

2022 жылдың басынан бері Қазақстан «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай тасымалдайды. Қаңтар айында Қарашығанақ кен орнынан 20000 тонна KEBCO Blend сорты жіберілді, ал жалпы бірінші тоқсанға 300000 тонна мұнай экспорты жоспарланып отыр.

2023 жылдың соңына дейін Қазақстан ГФР-на 1,2 млн тонна мұнай жөнелтуді, сонымен қатар Ресейдің сыртынан мұнай экспортын кеңейтуді жоспарлап отыр. 2022 жылы Қазақстан Грузия порттары арқылы шетелге 1,328 млн тонна мұнай сатты, бұл бір жыл бұрынғыдан 10 есе көп.

Соғысқа дейін қазақстандық шикізаттың шетелге сатылымының 80%-ын қамтамасыз еткен Новороссийск арқылы экспорт төрттен біріне – яғни 2,554-тен 1,862 млн тоннаға дейін қысқарды».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago