Сауат қайда? Саясат Нұрбек үшін сарапшылар ұялып отыр

Білім министрі мәңгілік қозғалтқышты жарнамалай алады ма? Ия, ондай да болады екен. Мұны Саясат Нұрбек іспен дәлелдеді.

Жаңа дәуірге дайын болыңыздар!

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзінің телеграм-арнасында жарнамалық пост жариялады:

«Экологиялық таза энергиямен шексіз қамтамасыз етудің шешімі – революциялық Neutrino Energy Power Cube-ті назарларыңызға ұсынамыз. Power Cube ауа-райы жағдайына қарамастан тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн электр энергиясын өндіру үшін озық нейтрино-электр технологиясын пайдаланады. Шағын ғана конструкция тыныш әрі экологиялық таза, бұл оны кез-келген климатта қолдануға жарамды етеді. Power Cube электр энергиясын генерациялау пластинасы басқа да компоненттермен қатар графен және кремнийден тұратын көпқабатты наноматериалмен қапталған. Графен атомдары броундық қозғалысқа байланысты тербеледі, ал сәулеленген өрістер олардың резонансын күшейтеді, одан кейін ол тұрақты электр тогы ретінде жиналады. Бұл жаңа технология энергия өндіру саласындағы маңызды кезеңді білдіреді.

Neutrino Energy Power Cube-тың көмегімен ертеңгі технологияны бүгін сезінуге дайын болыңыздар!»

Мектептің өзінде бізге мәңгілік қозғалтқыштың түбегейлі мүмкін еместігін түсіндіріп, дәлелдеп, ПӘК дегеніміз не, бүгінгі таңда ең жоғары ПӘК қандай деген сыңайлы сұрақтарға жауап берген сияқты еді. Бірақ бұл – орта білім. Нұрбек – ЖОҒАРЫ білім министрі. Профилі басқа болса керек. Бұл, айтпақшы, еліміздегі жоғары білім сапасына қатысты сұрақтардың барлығын жабады.

Қандай министр – сондай білім. Мәңгілік.

Министрлік алаяқтыққа ақша салуға дайындалып жатыр ма?

Белгілі блогер Кирилл Павлов Нұрбектің жазбасына ирониямен жауап берді:

«Маған өкіметтің жаңа құрамы ұнайды – пайдасы бұрынғыдай, бірақ эмоциялары күшті. Қазір де…

Саясат Нұрбек өз телеграмында «өте жаңа мәңгілік қозғалтқышты» — электр энергиясын мәңгілік өндіре алатын, нейтрино генерациялау  қоңдырғысын жарнамалап жатыр.

Әлемге әйгілі ғалымдар мұның шарлатандық екенін айтып, ұрысып, дәлелдер келтіруде: «Нейтриноның кез-келген қарапайым заттармен әрекеттесу қабілеті өте төмен. Қазіргі таңда энергияны пайдалы, маңызды мөлшерде өндіру үшін нейтриноның қажетті мөлшерін ұстап алу мүмкін емес. Әсіресе технологияның қазіргі деңгейінде ойлап табуға болатын қандай-да бір қабылдау құрылғысымен бұған қол жеткізуге тырысудың да қажеті жоқ».

Ал министр мырза ше? Оның айтуынша: «Бұл жаңа технология энергия өндіру саласындағы маңызды кезеңді білдіреді. Neutrino Energy Power Cube-тың көмегімен ертеңгі технологияны бүгін сезінуге дайын болыңыздар!»

Нейтрино жайлы уикипедиядан оқимыз – генерация туралы бір ауыз сөз жоқ. Бүгінгі технологиялармен оған қол жеткізу мүмкін емес.

Бұл ақша тарту мақсатындағы кезекті ғылыми алаяқтық екені айдан анық. Ғылым және ағарту министрлігі бұл жобаға ақша салып үлгерді ме екен?

Өміріміз осы: жазған – ғылым министрі, ал ұялып отырған –  мен».

Дені дұрыс министр

Бірақ сыншылардың ішінде бұл жағдайды экономист және тәжірибелі энергетик Асет Наурызбаев өте жақсы түйіндеді: «Дені дұрыс елде мұндай жайттан кейін министр отставкаға кетер еді».

Алайда, біздің билік Наурызбаевты ұнатпайды және айтқан сөздеріне құлақ аспайды. Бұл жолы да солай болады. Нұрбектің мансабы үшін алаңдаудың қажеті жоқ. Мәңгілік қозғалтқыштың жарнамасын күтеміз».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago