Қазақстанның танымал қыз-келіншектері ақша үшін жаппай хиджаб кие бастады

Соңғы уақытта елімізде желіде миллиондаған оқырманы бар атақты адамдар жаппай хиджаб киіп, дінге адалдықтарын көрсете бастады. Қазақстандағы мұсылмандар хиджаб киюі керек пе, әлде мұның бәрі шетелдің дәстүріне таңсық болып жүргендердің әуестігі ме деген даулар қоғамда бұрынғыдан бетер көбеймесе, азайған жоқ, деп жазды Ulysmedia.kz.

Мысалы, тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтты.

Біздің өз мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз бар. Біз өз тарихымызды келесі ұрпаққа жеткізуіміз керек. Ал егер бірнеше онжылдықта немесе тіпті бірнеше жылдан кейін біздің қазақтар қара хиджаб киіп жүрсе ше?! Біз мұны қалаймыз ба? Менің бұл сұрақты көтеру себебім –  блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естідім, айтуларынша, аз сома емес. Мені осы нәрсе шошытады.

Шынында да, аудиториясы үлкен блогерлер аяқ астынан хиджаб кие бастады. Мысалы, күні кеше оранып жүру туралы шешім қабылдағанын жарияға жар салған Рамина Таипованың 1 миллионнан астам жазылушысы бар.

Ал әнші Кәмшат Жолдыбаеваға желіде 3 миллионға жуық адам жазылған.

Бота Балабекованың 500 мыңнан астам оқырманы бар.

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова да хиджаб киіп жүр. Аудиториясы үш миллион адамнан асады.

Аталған арулардың барлығы салыстырмалы түрде жақында және бір уақытта хиджаб кие бастағанын атап өтпеске болмас. Қыздар ақша үшін оранды деуге қақымыз жоқ. Алайда, тенденцияның өзі алаңдатады: Қазақстанда хиджабты насихаттауға кімге тиімді?

Айтпақшы, Қырғызстанда да осындай үрдіс байқалып жатыр. Мәселен, 3 миллион жазылушысы бар танымал блогер Анжелика Қайратова хиджаб киюге көшті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago