Categories: Қоғам

Алматыда қаңтар оқиғасына қатысқан 25 адамға үкім шықты

Олардың ісін Бостандық ауданының No2 аудандық соты қарады. Сот тергеуі барысында сотталушылардың 4-5 қаңтар аралығында қаланың әр жерінде жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны анықталды:

  • тұрғын үй, қызметтік және өндірістік үй-жайларға заңсыз кіру арқылы аса ірі көлемдегі ұрлық жасаған;
  • ірі залал келтірген автокөліктерді ұрлаған;
  • қауiптi өндiрiстiк объектiнiң, сондай-ақ арнайы органдар күзетiп отырған басқа да объектiлердiң аумағына заңсыз енген.

Бұл айтарлықтай шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкелді.

Сондай-ақ, олардың алдын ала келісім бойынша атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған аудандағы тәртіпсіздіктер кезінде бір топ адамдар алдын ала сөз байласу арқылы шенеуніктер мүлкін бүлдірумен және жоюмен залал келтіргені анықталды.

Сот үкімі 20 азаматқа Рақымшылық жасау туралы заң қолданылып, 9 айдан 1 жыл 9 айға дейінгі мерзімге шартты жаза тағайындалды. 4 тұлғаға Рақымшылық туралы заң қолданылып, осыған байланысты олар жазадан босатылды. 1 азамат қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды,

делінген хабарламада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago