Экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 93-ші орынға ие болды. Республика рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен төмен, дейді energyprom.kz.
Қазақстан билігі экологияға инвестиция салуға асығар емес. Сонымен қатар, елдегі, әсіресе, өнеркәсіптік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпейді. Осылайша, «жасыл» өмір сүруге ең жайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 72-орынға ғана ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Беларусь және Әзірбайжанда жағдай жақсырақ.
Рейтинг мына үш санат бойынша жаһандық сауалнама нәтижелері негізінде анықталды: қоршаған ортаға қорғау, денсаулық сақтау және инновация.
Өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштерін сандық бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 100-ден 40,9 индексімен 180 елдің ішінде 93-орында болды. Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдер Қазақстаннан жоғары.
Айта кету керек, қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіз деңгейі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігінен басқа, Қазақстанда ашық қателіктер жиі кездеседі. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айының соңында экология саласындағы ең проблемалы компаниялардың бірі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы аумаққа экологиялық аудит жүргізбеді. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, атап айтқанда, бас директор Биджу Наир шенеуніктерге тексеру шараларын жүргізуге кедергі келтірді, деп хабарлайды liter.kz Қарағанды облысының экология департаментіне сілтеме жасап. Жалпы бұл компанияда мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…