«Жаңа Қазақстанға» ілесе алмай қалған депутаттар және апатайына жаны ашыған бала

Өткен аптада әлеуметтік желілердегі қазақ аудиториясының назарына экс-депутаттар Бекболат Тілеухан, Бақытгүл Хаменова және қазіргі жас депутат Мәди Ахметов ілікті.

Депутаттардың Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау шешімі өткен аптаның қызу талқыланған тақырыптарының бірі болды. Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтару ұсынысынан кейін көпшілік Нұрсұлтан Назарбаев дәуірінің аяқтала бастағанын болжады. Осы орайда депутат Мәди Ахметов сынның астында қалды. Ол Тұңғыш президент күнін мерекелік күндер тізімінен алып тастауды қолдап дауыс берген. Ал осыдан үш жыл бұрын ол Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында сөз сөйлеп, оған жастардың атынан ескерткіш орнатуды ұсынған болатын.

Болар іс – болды, бояуы сіңді. Енді біз әділетті Қазақстанды құру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Бұл бұрынғы ұсынысқа керағар емес. Қаңтарға дейінгі Қазақстанмен одан кейінгі Қазақстанды салыстыруға келмейді. Елімізде жеке басқа табынушылық емес, мемлекетшілдік қағидаты болу керек. Біз сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз,

деді Мади Ахметов өзінің іс-әрекетін түсіндірмек болып.

Көпшілік оған «Жағымпаздық 80 lvl» деген баға беріп, «Заманың түлкі болса, тазы болып шал» — депутатттың ұраны болса керек деп болжады.

Оның аясында Бекболат Тілеухан өзінің принциптеріне берік адам ретінде аудиторияның басым бөлігінің ризашылығына ие болды. Атап айтқанда, Тілеухан депутаттардың Нұр-Сұлтан қаласына Астана есімін қайтару ұсынысын Facebook парақшасында сынап, видео жариялады.

Назарбаевтың 30-жыл ел басқарып жаза басқан жері бар шығар, алайда біз кешірімшіл дархан қазақ едік ғой, тағы да Қазақстанның аты ауысып жатса берекесі қашқан ел дейді емес пе?

Сондықтан тарихи әділдігіне жүгініп Астана қаласының аты Нұр-Сұлтан деп аталды, сол атауында қалауы керек. Тап Нұр-Сұлтан қаласының аты Назарбаевтың еңбегіне берілген тарихи әділ баға. Бұл менің ғана пікірім емес, осы пікірде талай қазақ бар екенін ескеріңіздер,

деді Тілеухан өз бейнежазбасында.

Оқырмандар экс-депутатпен келіскенімен, Астана атауы да бұрынғы елбасының ұсынысы болғанын есіне салды. Жалпы қазақ аудиториясы орыс тілді аудиторияға қарағанда астананы қайта атау мәселесіне аса көп алаңдаушылық білдірмейтінін байқауға болады.

Назарбаев дәурінің аяқталып жатқанын Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары, қазірде пара алу бойынша күдікті ретінде изоляторда отырған Бахытгүл Хаменова да тұспалдады. Кезекті сот отырысында Хаменова елбасына деген құрметін айтып, әрі қарай да ол кісінің еңбегі туралы айта беретінін мәлімдеді.

Құрметті сот! Қазір күштілердің заманы. Мені Назарбаевтың жақтасы деп айтады. Назарбаевтың жақтасы дейтін болар. Иә мен, Елбасын жақсы көрем. Айта да берем ол кісінің еңбегін,

деді сотта Бақытгүл Хаменова.

Кейбір жұрт Хаменованың адалдығына бас исе, басқалары «заман өзгерді, жағымпаздануға басқа адамдарды таңдау керек» деп мысқылдады.

Тұрмысқа шығып жатқан әпкесіне оқушы баланың «Апатайымды ұрма. Апатайым робот емес» деп тойда тілек білдіруі жұртты сүйсіндірді, әрі қоғамдағы гендерлік теңсіздік мәселесіне тағы бір назар аудартты. Көпшіліктің пікірінше баланың бұлай тілек айтуы бекер емес, әдетте бала айналасынан көріп жүрген жағдайдан ой түйіп, әңгіме айтады.

Әлем жаңалықтарының ішінде II Елизаветаның қайтыс болуы қазақ қоғамының да назарында болды. Аса сезімтал аудитория Елизавета патшайыммен бір дәуір аяқталды десе, екіншілері «қазақта 96 жаста бақилық болуды той дейді» деп салқынқанды қабылдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago