Қазақстанның «Жасыл экономикасы» да жалған ұран екен

Экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 180 елдің арасында 93-ші орынға ие болды. Республика рейтингтің еуропалық көшбасшыларынан ғана емес, мысалы, Намибиядан, Габоннан және Зимбабведен төмен, дейді energyprom.kz.

Қазақстан билігі экологияға инвестиция салуға асығар емес. Сонымен қатар, елдегі, әсіресе, өнеркәсіптік аймақтардағы жағдай көңіл көншітпейді. Осылайша, «жасыл» өмір сүруге ең жайлы елдер рейтингінде Қазақстан 78 елдің ішінде 72-орынға ғана ие болды. ТМД елдерінің ішінде Қазақстанға қарағанда Ресей, Беларусь және Әзірбайжанда жағдай жақсырақ.

Рейтинг мына үш санат бойынша жаһандық сауалнама нәтижелері негізінде анықталды: қоршаған ортаға қорғау, денсаулық сақтау және инновация.

Өз кезегінде, мемлекеттік саясаттың экологиялық көрсеткіштерін сандық бағалауға негізделген экологиялық тиімділік рейтингінде Қазақстан 100-ден 40,9 индексімен 180 елдің ішінде 93-орында болды. Намибия, Габон, Зимбабве, Эсватини және Ауғанстан сияқты елдер Қазақстаннан жоғары.

Айта кету керек, қоршаған ортаны қорғауға инвестицияның жеткіліксіз деңгейі мен кәсіпорындардың жауапкершілігінің төмендігінен басқа, Қазақстанда ашық қателіктер жиі кездеседі. Мәселен, биылғы жылдың тамыз айының соңында экология саласындағы ең проблемалы компаниялардың бірі – «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығы аумаққа экологиялық аудит жүргізбеді. Кәсіпорынның лауазымды тұлғалары, атап айтқанда, бас директор Биджу Наир шенеуніктерге тексеру шараларын жүргізуге кедергі келтірді, деп хабарлайды liter.kz Қарағанды облысының экология департаментіне сілтеме жасап. Жалпы бұл компанияда мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отырған жоқ.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

6 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago