Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілерге толыққанды көмек көрсетілетін болады.
Келесі қолдау шаралары қарастырылған:
- компания қаражаты есебінен отбасыларға баспана сатып алу;
- моральдық зиян үшін 10 жылдық жалақы мөлшерінде біржолғы төлем;
- асырауында болған балаларға 18 жасқа толғанға дейін ай сайынғы сақтандыру төлемі (ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін);
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалақысына байланысты ай сайынғы төлем;
- қамқорлықтағы адамдардың санына байланысты асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
- жұмыс берушінің қаражаты есебінен отбасылардың несиелерін өтеу;
- жерлеуге байланысты барлық шығындарды өтеу;
- қаза тапқандардың балалары мен жұбайларын жұмысқа орналастыру;
- 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысын төлеу;
- қаза тапқандардың жұбайлары мен балаларына санаторий-курорттық емделуге жолдамалар беру;
- үйді пешпен жылытатын отбасыларға жыл сайын көмір бөлу.
Қарағанды облысының әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Костенко атындағы шахтада болған өрт салдарынан қаза тапқан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшыларының отбасы мүшелерінің тізімін жасап жатыр.
Көз жұмған кеншілердің отбасыларына көмек көрсету мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында болады.
Қазіргі ақпарат бойынша жер астында қалып қойған барлық 46 кеншінің денесі табылды.