Қазақтардың бойынан маскүнемдіктен қорғайтын генотип табылды. Бұл туралы Forbes.kz басылымына генетик Гүлнар Святовая мәлімдеді.
Оның айтуынша, спирттік дегидрогеназа ферменті азиялықтарға қарағанда қазақтарда жақсы жұмыс істейді, бірақ еуропалықтарға қарағанда нашар.
Мәселен, Шығыс Азияда бұл полиморфизм 17,4%, Жапонияда — 24% болып табылды, сондықтан олар тез мас болады.
Бірақ біз қорғаныш генотипін, яғни қазақтарды маскүнемдіктен сақтайтын генотипті таптық. Бұл генотипті тасымалдаушыларда маскүнемдіктің даму қаупі әлдеқайда төмен. Қазақстандық популяциядағы бұл қорғаныш аллельінің тасымалдаушы жиілігі 1,31% құрады, бұл жиілік африкалықтарда — 0,2%, американдықтарда — 0,3%,
деді генетик маман.
Қорытындылай келе, Святовая генетиктер алған нәтижелер диагностика мен емдеудің жаңа бағыттарын ұсынуға, сондай-ақ пациенттердің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәуекел топтарын қалыптастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…
Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…
Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…
ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…
Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…