Categories: Қоғам

Кинематографистердің наразылығы: конкурста жеңген жобалар қайта қаралатын болды

Кинематографистер мен Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы арасында дау шықты. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов осыған қатысты пікір білдірді.

Қазіргі уақытта мемлекет қаржысын алуға үміткер киножобалардың кезекті – бесінші конкурсы өтіп жатыр. Оның ұйымдастырушысы — Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы. Биыл электронды және қағаз форматында 290 өтінім келіп түсті.

Кей кинематографистер кино орталығы (ҰКҚМО) өткізген конкурстың нәтижесімен келіспейді. Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидатын басшылыққа ала отырып және келіп түскен өтініштерді ескеріп, министрдің тапсырмасы бойынша келіп түскен барлық өтінімдерді қайта қарайтын тәуелсіз комиссия құрылады,

деп жазды Нұрғиса Дәуешов Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, отандық фильмдерді қаржыландыру туралы айтып отырғанымызды және сапалы фильмдерді шығару мен қаржыландыру басты назарда болатынын түсінуіміз маңызды. Транспаренттілікті қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстың бәрі жасалады. Питчинг комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін өткізіледі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

19 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

20 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago