Астана соты Наталья Свириденконы «әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша кінәлі деп танып, 4 жылға түрмеге кесті.
Свириденко 7 тамыз күні Tik-Tok желісінде қазақтарға тіл тигізіп,
бір-біріңді өлтіріп тастаңдар,
деген.
Мұнымен қоса, ол қазақтардың маймылға теңеп, “Қанды Қаңтар қырғыны кезінде Алматы мен Жаңаөзенде болған оқиғаларға өздерің жауаптысыңдар” деді.
Сотталушы сотта кінәсін толық мойындады.