Categories: Қоғам

Қазақ тілді жарнамаларды оқып жылайсың

Қалада жүрген соң, әрдайым жарналмаларға, дүкендердің атауларына көзің түсіп жүреді. Қазақстанда орыс және қазақ тілі қатар қолданыста. Әрине, көпшілік осыны желеу етіп көбінесе орыс тілінде жазуды жөн санайды. Дегенмен, екі тілдің қатар жүруі ол заң түрінде бекітілген. Тіпті тіл басқармасы құрылған ғой, олар бақылап отыруға тиісті. Бірақ, осы басқарма есеп үшін жұмыс жасай ма деп те қаласың.

Қазақ тілінде жазылған тағамдардың, тұрмыстық заттардың атауларын, жарнамаларды оқып, жылағың келеді.

Қазақстанда тұрып қазақ тілін білетін бір дені дұрыс адамның табылмағаны ма?

Мынау не деген сұмдық? Мағынасыз ақпараттарға қарап қарның ашады. Бірақ жалпы жұрт күлкілі, әрі мазаққа айналған жарнамаларға мән бермейтін деңгейге жеткендей.

globalnews.kz

Тілден хабары жоқ адамның ісі ғой мынау. Гугл аудармашының өзі бұлай аудармайды. Жарнамадағы қазақ тіліндегі сөйлем де орыс тілінен аударылмай, қазақша айтқысы келген дербес мағынасында жазылған жөн.

Одан бөлек, тауар сататын интернет дүкендер де тек ресми тілде ақпарат таратып, мемлекеттік тілді менсінбей келеді. Қазашқаға келгенде кенжіргесі кері тартатын сайттардың көбі негізінен тауар, тұрмыстық техника сататын сайттар. Елімізде бизнесін дамытып жатқандарына 30 жылдан ассада қазақ тіліне, қазақ тілді тұтынушыға деген құрметі жоғары емес, тіпті жоқтың қасы.

Мәселен, мына сайттарды аша қалсаңыз сан түрлі заттарды жарнамалап, бағасын түсіріп, сапасын мақтап жатқан акцияларды көруден жаңыласыз. Бірақ ірі дүкендер желісінен қажетіңізді қазақша іздеп табуға мүмкіндік жоқ. Тапқан күнде де 4 әріптің басы түгел емес.

yvision.kz

Мемлекеттік тілдегі қателіктерді көз көріп тұр. Оған сонда кімді кінәлаймыз? Жарнама агенттігін бе, әлде тапсырыс берушіні ме, әлде өзімізді ме?!

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago