Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақ тілі «тілдер иерархиясының» жүздігінен шығып кетуі мүмкін бе?
Қоғам

Қазақ тілі «тілдер иерархиясының» жүздігінен шығып кетуі мүмкін бе?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 01.11.2022
Обновлено 01.11.2022 в 02:11
Поделиться
Поделиться

Бүгін әлемде 5000-7000-ға жуық тіл бар. Өкінішке қарай, жыл өткен сайын өлі тілдер қатары көбейіп жатыр. Қазақ тілінің әлемдік және мемлекеттік деңгейде жай-күйі қандай? Осы сұрақтың жауабын зерттеп, өз ойымен журналист Кәмшат Тасболат Фейсбук парақшасында бөлісті.

Мазмұны
Дүниежүзілік рейтингте нешіншіміз?Қазақстандағы жағдай қалай?Тілдің жағдайын қалай жақсарта аламыз?

Дүниежүзілік рейтингте нешіншіміз?

Қазір әлемде мойындалған 200-ге таяу мемлекет бар. Бір өкініштісі, осыдан 10-12 жыл бұрын әлемдегі кеңінен қолданылатын тілдердің жүздігінде шамамен 70-ші орында болған қазақ тілі кейбір рейтингтерде 89 орынға сырғыған. Керісінше, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кеңінен дамуы тиіс тіл неге мұндай күйге түскен?! Халықаралық зерттеулер қаншалықты бейтарап? Мұндай кері кету үрдісі орыс тіліне де тән. Сарапшылардың алдағы уақытта орыс тілінің орнын әлемдік рейтингтерде түрік тілі басады деген болжамы бекер емес. Жалпы, жүздікке төрт түркі тілі кіреді: әлемдік тілдерді зерттейтін Еthnologue анықтамалығының дерегіне сенсек, бұл жүздікте түрік тілі – 20 орында, өзбек тілі – 54 орында, әзірбайжан тілі – 82 орында, қазақ тілі – 89 орында. Бір қызығы, әлемдік рейтингте қазақ тілін қолданушылар саны 12 934 060 адам, яғни, «native speakers» ретінде көрсетілген. Ал Әзірбайжанның халық санағы бойынша, елде 10 млн астам адам тұрады, ал тілді қолданушылар саны 13 813 750 деп көрсетілген. Яғни, сырттағы әзірбайжандарды да санаған. Енді қараңыз, 2009 жылғы әлемдік зерттеулерде қазақ тілін білетіндер саны 17,8 млн адам деп көрсетіліп, онда Қазақстаннан бөлек, Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанда тұратын қазақ саны ескерілген. Әлбетте әр елдің өз саясаты бар. Бұл тұрғыдан Ресей мен Қытайда тұратын қазақтардың статистикалық көрсеткіштері бұрмалаланады деп талай жазылды. Өкінішке қарай, бауырлас елдерде де мұндай үрдіс жоқ емес. Тіпті, мемлекеттік саясатқа сәйкес, ұлтын өзбек деп көрсетуге мәжбүр болған қандастарымыз қаншама?! Неге америкалық зерттеушілер соңғы статистикалық мәліметке сырттағы қазақ санын кіргізбеген? Жалпы, Қазақстан үкіметі сырттағы қазақтың санын біле ме? Бұл да бөлек зерттеуді талап ететін тақырып.

Қазақстандағы жағдай қалай?

Әрине, билік те, қоғам белсенділері де Қазақстан дербес мемлекет болғалы тілдің ахуалы әлдеқайда жақсарды дейді. Шынтуайтында, басқа посткеңестік елдерге қарағанда Қазақстанда орыс тілінің бұрынғы империя тілі ретіндегі ықпалы әлі де жоғары, әрі оның іс жүзінде іс-қағаз, саясат, бизнес тілі боп отырғаны жасырын емес. Жақында қоғамда үлкен резонанс туғызған «Мухоряпов дауы» да тілдің қаншалықты ауыр да өзекті тақырып екенін көрсетті. Президент Қ.Тоқаев өз сөзінде «Қазақ тілін меңгеру – біртұтас ұлт болу жолындағы айрықша маңызды қадам» деген еді. Яғни, мемлекет, үкімет үшін елдегі 20 млн халықты қазақша сөйлету – уақыт күттірмейтін мәселе болуы тиіс. Ал қолданушылары 20 миллионға жеткен тілдер жоғарыдағы рейтингтің Топ-жетпістігінде жүр. Соңғы санақ қазақстандықтардың 80 пайызының мемлекеттік тілді меңгергенін аңғартты. Мемлекеттік тілді меңгермеген адам саны – 3 426 306 адам, оның ішінде орыс диаспорасының қатарында 2 млн 113 мың адам тілді меңгермесе, 708 мыңнан астамы қазақша сөйлейтінін жеткізіпті. Бірақ күнделікті қазақ тілін 262 мың орыс қана қолданады екен. Сол сияқты қазақтың 11 млн 861 мыңнан астамы тіл білсе, 45 мыңнан астамы ана тілін білмейтінін ұят болса да мойындаған, бірақ 7 млн 550 мың қазақ азаматы тілді күнделікті қолданады.

Тілдің жағдайын қалай жақсарта аламыз?

Біздің Президент, Үкімет, Парламентке ұсынысымыз, мемлекеттік тілдің Қазақстан мен жалпы әлемдік рейтингтердегі жай-күйін жақсарту үшін қазақ тілін қолдайтын халықаралық ұйым қажет-ақ. Мәселен, Францияның Франкофония ұйымы, Түркияның Юнус Эмре институты, Германияның Гете институты, т.б. тілді дамытудың, мәдени байланыстарды тереңдетудің ең айшықты мысалдары боп саналады. Неге қазақ тілін әсіресе қазақ диаспорасы көп шоғырланған елдерде көбірек насихаттамасқа? Байқауымызша, қазір әлемнің түкпір-түкпірінде Димаштың тыңдармандары мен фанаттары қазақ тілін интернет арқылы үйреніп жатыр. Неге осы үрдісті барынша қолдамасқа?

Сіз не ұсынар едіңіз?

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 01.11.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?