Categories: Білім

Қазақ тілін оқығысы келетіндер саны еселеп артып жатыр

Қазақстан азаматтығын алу кезінде қазақ тілін жетік меңгеруі тексеріледі деген жаңалықтан кейін тілдік курстар елімізде үлкен сұранысқа ие.

Қазақ тілін, ең болмағанда, бастапқы деңгейде меңгергісі келетін адамдар саны артқан. Олардың арасында релоканттар да, қарапайым туристер де, мигранттар да, шетелдіктер де, сондай-ақ тілді білмейтін ел азаматтары да бар, деп хабарлайды Forbes.

Мұғалімдер мен репетиторлар атап өткендей, соңғы кездері тіл үйренуге шетелден келген азаматтар немесе оқушылар жиі жүгінеді. Бұл үрдіс нығая беретін де сияқты, өйткені 2023 жылдан бастап қазақ тілі бойынша емтиханды тек түлектер ғана емес, жалпы білім беретін мектептердің барлық орта және жоғары сыныптары тапсыратын болады.

Платон мен Мария Цай негізін қалаған «ELC Қазақша сөйле» тіл орталығының атқарушы директоры Гүлназым Мұқаштың айтуынша, бұрындары орталыққа көбіне ересектер келетін: ірі компаниялардың қызметкерлері, бизнесмендер, депутаттар, әкімдік қызметкерлері – былайша айтқанда, лауазымдағы адамдар. Білім алушылардың жасы — 30 және одан жоғарылар. Мұның себебі айқын болды: олар қызметтік парызы бойынша тіл үйренуге міндетті.

Кез-келген шет тілінің базасын игеру үшін бүгінде онлайн сабақтар жеткілікті. Интернет кең мүмкіндіктер ұсынады, бұл қазақ тіліне де қатысты. Сонымен, қажетті сөздік қорын беретін, стандартты тұрмыстық сөз тіркестерін қолдануға көмектесетін, сөйлеуді пысықтайтын бірқатар жақсы мобильді қосымшалар бар.

Қазақ тілін оқыту әдістемелері мен құралдары туралы айтатын болсақ, тәуелсіздік алған сәттен бастап онжылдықта олар көп рет өзгерді.

Олардың арасында ең танымалы — тілдік ортаға ену арқылы тілді меңгеру. Бірнеше жыл бойы Қазақстанда AlmaU бастамасымен Ұлытау мәдени-лингвистикалық лагері жұмыс істеді. Осы жоба аясында қатысушылар далада киіз үй қалашығын салды. Онда олар ұлттық дәстүрлерді сақтай отыра тек қазақ тілінде сөйлейтін болды. Лагерьде үш топта (қазақ тілінің бастауыш, орта және жоғары деңгейлері) сабақтар өткізілді, қатысушылар әндер, өлеңдер оқыды, «сырға салу», «тұсау кесу» және басқа да рәсімдер өткізді. Әдетте, оқытудың соңында «ұлытаулықтар» мәдениет пен тарихқа бой алдырып, тілді одан әрі өз бетінше оқу үшін жақсы мотивация алды.

Қазақ тілін өз бетінше де, тегін де, арнайы әдістемелер бойынша да үйренуге болады. Өздігінен оқығысы келетіндер үшін kaz-tili.kz сайты сияқты ресурстар бар. Бүгінгі таңда QazComics брендінің қазақ тіліндегі комикстері сатылымда бар.

Мысалы, Facebook-те сөйлесу клубтары мен қазақ тілін оқытатын топтар бар, онда тегін де, ақылы да меңгеруге болады. Бұл, мысалы, «Батыл бол» — өте көңілді атмосферада дайын диалогтарды ұсынатын топ. Мұнда тек офлайн және ақысыз оқисыз. Немесе «Мәміле» қазақ тілінің пікірталас клубы, оның отырыстарына харизматикалық лингвист-оқытушылар шақырылады (клубты құрушы — қазақ тілін насихаттаушы Қанат Тасибеков).

Тәлімгердің басшылығымен топтарда жұмыс істеуді қалайтындар үшін әртүрлі бағадағы оқытудың көптеген нұсқалары бар. Мысалы, Жеңіс Әлиев бір айдың ішінде қазақ тілін оқытудың өзіндік әдістемесін ұсынады. Әрине, білім алушы тілді жоғары деңгейде біліп кетпейді, бірақ тұрмыстық қазақ тілін меңгереді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago