Куфия, протест, BTS: Катардағы чемпионатта футболдан басқа қандай ерекше оқиғалар болды?

Көпшілік Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатын асыға күтті. Бірі өз елі үшін жанкүйер болса, енді бірі тартысты жарыстың тамашалағысы келеді. Дегенмен чемпионат футболдан басқа да қызық әрі ерекше сәттерімен есте қалады. Globalnews.kz бүгінге дейін өткен жарыс уақытында көрерменнің назарын аударған бірнеше оқиғаларға шолу жасады.

Куфия мен немесе ерекше тұмар Лаиб

Кез келген әлемдік, халықаралық чемпионат не олимпиаданың тұмары болады. Әр талисман жарысты ұйымдастырып жатқан елдің мәдениетіне, менталитетіне, ерекшелегіне сай жасалады. Ендеше, таныс болыңыздар. 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының тұмары — Лаиб лақап аты бар ұшатын кілем. Оның есімі сөзбе-сөз аударғанда «өте жақсы ойыншы» дегенді білдіреді. Сонымен бірге оның пішіні тек кілемге емес, куфияға да ұқсайды. Куфия — арабтардың ұлттық бас киімі.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Лаиб көбінің назарына ілікті. Адамдар оның қандай көңілді әрі ақжарқын сипатта екенін жарыса айтып жатыр.

Құрама капитанының айтуынша, осылайща олар Иранда болып жатқан наразылық акциясын қолдайтынын білдіргісі келген. 

Еске салайық, 2022 жылғы қыркүйекте хиждабты дұрыс кимегені үшін полицей ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін Иранда жаппай наразылық басталды. Митиң әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Морган Фриман мен «паралимпиадалық спортшының» диалогы

Ашылу салтанатында Голливудтың әйгілі актері Морган Фриман мен «паралимпиадалық спортшы» диалог сахналады. Осы жантебірентерлік көрініс арқылы олар чемпионаттың күллі әлем үшін екенін көрсетті.

BTS тобының солисі Чон Джон Гуктың ән шырқауы

Катардағы футболдан әлем чемпионатының шымылдығын әлемге танымал BTS тобының солисі Чон Джон Гук пен катарлық әнші Фахад Әл-Кубаиси бірігіп, 2022 жылғы әлем чемпионатына арнайы жазылған Dreamers әнін айтты. Дуэт К-поп жанры мен шығыс, араб стилін ерекше үлйестіре білді. Аталмыш композиция ең көп тыңдалған әрі танымал болған чемпионат әндерінің қатарына енді. Композицияның ресми бейнеклипі 9 күннің ішінде 45 миллион қаралым жинап үлгерді.

Иран футболшыларының наразылығы

Иран футболшылары әлем чемпионатында өз елінің әнұранын шырқаудан бас тартты. Құрама капитанының айтуынша, осылайща олар Иранда болып жатқан наразылық акциясын қолдайтынын білдіргісі келген.

022 жылғы қыркүйекте хиждабты дұрыс кимегені үшін полицей ұстаған 22 жастағы Махса Аминидің өлімінен кейін Иранда жаппай наразылық басталды. Митиң әлі күнге дейін жалғасып жатыр.

Алайда ирандық футболшылар жеңіліске ұшырады. Дегенмен бұл Иран халқының көңілін түсірмеді. Керісінше, ирандықтар билікке қарсы протест ретінде футболшыларының жеңілісін тойлады.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago