Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > Қазақ тіліне жаңа дем берген Мухоряпов
Әлеуметтік желіге шолу

Қазақ тіліне жаңа дем берген Мухоряпов

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 26.10.2022
Обновлено 26.10.2022 в 11:10
Поделиться
Поделиться

Өткен аптада кәсіпкер Рамиль Мухоряповтың мәлімдемесі Қазақстан жұртшылығын дүр сілкіндірді. «Егер сіз орысша сұрап, сіз орысша біле тұра қазақша жауап берсеңіз, ол ұлтшылдық, әрі төмен мәдениеттің белгісі» деген Мухоряповтың сөзіне қазақтар өре түрегелді. Қазақ тілді аудиториямен қатар, бұл мәлімдемеге орыс тілді қазақтар да ашуланып, түрлі жазбалар қалдырды. Тіпті, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын мойындамау және қазақ халқының ар-намысына тию деп қабылдап, қазақтардың ар-намысын таптағаны үшін сотталуы керек деді.

Шынында да, көп ұзамай журналист, PR-маман Айбар Олжаев Рамиль Мухоряповтың үстінен арыз түсірді.

ChocoFamily басшысы Рамиль Мухоряповтың желіге тарап кеткен репликасы қоғамның ашуын туғызғаны рас. Бірақ ашу — ол эмоция. Эмоция заңмен реттелмейді.

Рамиль Мухоряпов заңды бұзды ма? Басты сұрақ осы. Оған тек қана құзырлы орган арнайы тексеруден кейін жауап бере алады. Бірақ ол үшін азаматтық қоғам құзырлы органға жүгінуі тиіс.

Осындай, тек заңдық, конституциялық принциппен Рамиль Мухоряповтың репликасын ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы, 1 тармағы бойынша тексеруді сұрап, Алматы қаласының Прокуратурасына арыз жібердім. Арыз ЖТ-2022-02543155 нөмірімен ресми тіркелді. 11 қарашаға дейін Прокуратура ресми жауабын жібереді,

деп жазды Айбар Олжаев.

Журналист Жалғас Ертай «Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек» деген ұсыныс айтты. Оның пікірінше, Қазақстанда мемлекеттік тіл проблемасы көтерілгенде билік басын құмға тығып алған страус рөлін атқарғысы келеді. Біздің қоғамдағы тіл проблемасының бастауы да осы — билік қоғамды реттейтін ережені бекіткісі келмейді.

«Мәселені қалай шешу керек? «Қазақстанның тіл туралы заңы» 1997 жылы қабылданған, кейінірек 2004, 2006, 2007, 2011 2012, 2018, 2021, 2022 жылдары косметикалық өзгеріс қана енгізілген. Енді салыстырып көріңіз. 1997 жылғы Қазақстан қоғамы қандай еді, 2022 жылғы қоғам қандай? Бұл заң қазіргі қоғам талаптарына сай келе ме, қоғамдық қатынасты реттей алатын қауқары бар ма, қазіргі демографиялық болсын, әлеуметтік болсын келбетімізді толық сиапттай алатын заң ба? Көзге ұрып тұрған жауап — жоқ! Сол себепті «Қазақстанның мемлекеттік тілі туралы заң» қабылдау керек деп есептеймін. Ол заң қандай мәселені шешуі керек?

Бұл заң

— мемлекеттік тілдің қолдану аясын анықтап беруі;

— мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді білуін міндеттеуі;

— заңдарды мемлекеттік тілде ғана қабылдауды міндеттеуі;

— заңдардың, актілердің, құжаттардың мемлекеттік тілдегі нұсқасы ғана заңдық күшге ие екенін көрсетуі;

— мемлекеттік органдардың ішкі құжат айналымы мемлекетті тілде ғана болуын талап етуі;

— мемлекетке тапсырылатын құжаттардың (тендер құжаттары, салық декларациялары, әртүрлі нсұсқаулықтар, анықтамалар және т.д.) мемлекеттік тілдегі нұсқасы ғана заңдық күшке ие екенін көрсетуі;

— қызмет көрсетуші, тауар сатушылардың қызметті алдымен мемлекеттік тілде көрсетуін міндеттеуі;

— мемлекет бюджетінен қаржыланған кез келген шарада алдымен мемлекеттік тілде басымдық берілетінін бекітеді.

«Мемлекеттік тіл туралы заң» қабылданса, онда Қазақстанның ақпарат, тұтынушы құқығы, мәдениет және басқа да саладағы заңдарына өзгеріс енеді.

Егер бұндай заң қабылданса, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы анықталса, нақты ережелер бекітілсе, заң орындалмаған жағдайда жаза қарастырылса, Мухоряпов кейсіндегідей жағдай қайталанбас еді”,

дейді Жалғас Ертай.

Журналист Камшат Тасболат халықтың бірігіп, Мухоряпов басқаратын «ChocoFamily» жобаларының қосымшаларын ұялы телефондарынан жаппай өшіріп, рейтингін құлатқанына ризашылығын білдірді. Сондай-ақ компания басшысынан кешірім сұрауын талап етті.

«Айналайын, халқым, жарайсыңдар! Қазақ ұлты, қазақ тұтынушылары үлкен күш екенін тағы дәлелдеді! Бір ғана Дәулеттеннің оқырмандары (@dauletten парақшасының оқырмандары — Ред.) Рамиль Мухорямовтың парақшасын жарып, 11 мыңнан астам пікір қалдырып, мыңдаған азамат choco, aviata қосымшаларын өшіріп тастаған! О заманда, бұ заман мемлекеттік тілді осы күнге дейін қабылдамай келген компания басшысы инстаграмдағы парақшасында мүләйімсіп, кешірім сұрағандай кейіп танытып, алғаш рет қазақша пост жазып, «Біз қазақ тілін құрметтейміз!» деп сайрап жатыр екен.

Осы күнге дейін «керісінше, қазақша сұрағанға орысша жауап беріп, тұтынушылардың мемлекеттік тілде ақпарат алуға қатысты конституциялық құқын бұзу арқылы өзінің «әсіре ұлтшылдығы» мен «төмен мәдениетін» көрсеткен рамильдердің қалтасына салмақ түсіріп, төтенін дір еткізген халқыма алғыс! Бұдан былай мемлекеттік тілді менсінбегендердің жағдайы қиындайды!

Айтпақшы, осы күнге дейін мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген компанияны Әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің тиісті баптарымен қатаң жазалау керек. Бюджетті салықпен толтыратын кез келді. Ал компания басшысынан ресми кешірім сұрауын талап етеміз! Кешірім сұрай білу де жоғары мәдениеттің белгісі. Айтпақшы, компания парақшасында Алматы қаласының атауы қате жазылған. «Алма-ата» деген қала жоқ, Ресей сияқты қала атауларын бұрмалауды қою керек», — деп жазды Камшат Тасболат.

Рамиль Мухоряпов көп ұзамай кешірім де сұрады. Алайда, басында сөзінің дұрыс, не бұрыстығын сұрап, желі оқырмандарының пікіріне жүгінген. Кейін «сөзімді дұрыс түсінбей қалдыңдар» деп ақталды. Компания өнімдерінен бас тарту туралы үндеулер күшейгенде кешірім сұрады. Бірақ сөзім бұрмаланды дегеннен танған жоқ.

«Қайырлы күн, достар. Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Барлығынан кешірім сұрағым келеді. Мен ешкімді ренжіткім келмеді. Дұрыс айтасыздар, дәл қазір сіздерді мұқият тыңдаймын», — деп бастады сөзін Мухоряпов қазақ тілінде.

«Біріншіден, видеода ренжіткендердің барлығынан кешірім сұраймын. Мен видеоны қарап шықтым, шынымен де кейбір сөздерім дөрекі айтылыпты. Мен Қазақстан азаматымын, Алматыда туып-өстім. Осы жерде компания аштым. Қызметкерлеріміздің 99 пайызы қазақстандықтар, біз мұнда салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін. Компания ішінде барлық өнімдерге қазақ тілінде қолдау көрсетіледі. Кейбір өтінімдер қазақ тіліне аударылған, кейбіреулері аударылып жатыр, мен бұл жұмысты жақын арада аяқтаймыз деп үміттенемін. Ал өз басым тілді аздап түсінемін, бірақ жақсы сөйлей алмаймын. Бұдан былай үйренүге тырысамын. Тағы да кешірім сұраймын»,

деді Мухоряпов.

Алайда, ашуға әбден булыққан жұрт оның кешіріміне құлақ аса қоймады. Қазақтың ең жанды, ең киелі жері — тіл мәселесі қозғалғанда сабырға келуі қиын. Апта ортасында басталған ашулы жазбалар апта соңына дейін жалғасты. Қазір де компания парақшаларында қазақ тілі мәселесі көтеріліп, сын-ескертпелер жазылып жатыр.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 26.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?