Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қазақ туризмі және дәретхана
Басты жаңалықтарҚоғам

Қазақ туризмі және дәретхана

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 19.10.2022
Обновлено 19.10.2022 в 01:10
Поделиться
Поделиться

Коронавирустан бөлек, Путиннің Украинаға бастаған соғысы саяхат саласына тағы да өз әсерін тигізуде», дейді сала сарапшылары. Ресейдегі соғыстан қашқандар миллиондап келіп жатқан біз де оны анық көріп отырмыз. Турсарапшыларының пікірінше, соғыс салдарынан туындаған жанармайдың қымбаттауынан жол жүру бағасы қымбаттаған, санкция салдарынан транзиттік жолдардың аясы тарылған. Әлемдік туризм саласы 2019 жылдың алдындағы деңгейге араға жылдар салып, 2025 жылдан кейін ғана әупірімдеп жетеді екен. Ал қазақ туризмнің дамуына сыртқы себептер ғана тұсау болып отырмағаны белгілі. Осындай ақпаратпен Abai.kz порталы бөлісті.

Неліктен отандық туризмнің дамуы көлік саласының нашар жұмысынан зардап шегеді? Мәжілістің өткен аптадағы жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа осындай сауалмен жүгінді.

Турист болса – маршрут жоқ, маршрут бар да – инфрақұрылым жоқ, инфрақұрылым болса – ұсынатын өнім жоқ. Біреуі болса, біреуі жоқ, шамасы бұл салада жүйелі жұмыс жоқ. Бірақ адам қанша қаласа да транспорттық жүйесі реттелмегенінің салдарынан, еліміздің барлық табиғи сұлулығына жету мүмкін емес болып шықты,

дейді депутат.

Бұдан бөлек әуе жолдарымен саяхаттау сапарлары бойынша ең көп шағым түсетінін атап өткен жөн.

Ұшу жиілігінің төмендігі, реттеуге келмейтін түсініксіз әуе билеттерінің баға мәселесі, қызмет көрсету сапасы мен рейстерді негізсіз кешіктіру сияқты мәселелерді тізіп кете беруге болады. Оған қоса әуе компанияларымен турпакеттер бойынша келіссөздер жүргізу мүмкін еместігін турагенттіктер жиі көтереді. Темір жолдың жыры тағы бар. Қазақстан темір жолының туризмдік бағыттарды дамытуға қауқары да, ниеті де жоқ сияқты көрінеді. Бұл компания елдегі монополист бола тұра, өзінің басты бағытын жүк тасымалдауға арнаған. Ал халық қолданатын вагондардың сапасы нашар, интермодальды тасымалдау тәжірибесі жоқ, туристік кластағы пойыздар туралы айтпай-ақ қоялық.

Еуропаны айтпағанда, Орталық Азия және өзге жекелеген мемлекеттермен байланыстыратын халықаралық туристік жүйені қалыптастыра алмағандықтан Жібек жолы бойындағы теміржол маршруттарының орнын көршілес Өзбекстан өз стиліндегі жайлы вагондарымен туристік кластер ретінде іске асырып отыр. Автокөлікпен жүретін жолдардың жағдайы сын көтермейтіні туралы депутаттық сауалдың санында есеп жоқ. Тіпті Мемлекет басшының өзі бұл мәселені шешетін уақыт жетті деп Үкіметті сүйрелеп жүргенін білеміз. Бір ғана мысал, еліміз бойынша кемінде 4 мың шақырымнан асатын 166 бағыт бойынша автомобиль жолдарын жөндеу мен реконструкциялау қажеттілігі анықталуда.

Тағы бір депутат Нариман мырза аңсаған жеріне жеткен туристің көңілі жайланып, асқазаны майланып, енді бір ішін босатайын десе, сайын даладан дәретхана таппай қиналатынын жеткізіпті. Бұл саланы дамытуға жауапты «Қазақ Туризм компаниясы» өкілінің уәжінше мемлекеттік бюджеттен жылына 2 миллиардқа жуық қаржы алатын аталмыш компания дәретхана салумен айналыспайды екен. Туристерге керек нысандардың тізімін жергілікті билікке дайындап берумен ғана шектеледі-мыс. Демек дәретхананың проектісін, сметалық құжаттарын жасау, жоғарыға жолдаумен ауылдың атқа мінерлері айналысады деген сөз. Жоғарының шешімі шығып, жүзеге асқанша ай аунап, жыл жылжиды. Соның кесірінен қажет деген 500 дәретхананың 160-ы ғана салынған.

«Қазақ ұлттық туризм компаниясының» 2017 жылы «Қазақстанның туристік әлеуетін жаһанға танытады, шетелдік инвесторлар тартады» деп жарнамасы жер жарып, экс-Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бастамасымен құрылғаны белгілі. Ал Арекең «Алтын адаммен» әлемді аралаймын деп істі болып, абақтыда жатыр.

Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген шығын сомасы 7 млрд теңгені құрайды. «Тергеу «Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі» халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ «Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу» және «Қазақстан Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру» жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде,

делінген Антикордың хабарламасында.

Бұдан бөлек, Мұхамедиұлының мәдениет және спорт министрі лауазымында болған кезінде туыстарының және үлестес тұлғаларының меншігіне «Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК, «Қазақ энциклопедиясы» АҚ және «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» ЖШС-ын заңсыз беруге қатыстылығы тексеріліп жатыр делінген.

Біздегі туризм жырының ұзын-ырғасы осындай. Саланың дамуына бюрократиядан тартып, сыбайлас жемқорлық, монополия кедергі келтіріп отыр екен. Қазақтың жер асты қазба байлығын өңдеп, товарға айналдырудың орнына, шетелге шикізат ретінде жөнелтіп, оңай системаға бой үйретіп алған орыс тілді билік құдайдың өзі берген жер үстіндегі керемет табиғат байлығын игеруге де құлық танытпай отыр деген сөз.

ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 19.10.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?