Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақтың ауылында бала туу қатты азайды
Қоғам

Қазақтың ауылында бала туу қатты азайды

Айдын Қайнарұлы
Айдын Қайнарұлы 09.08.2022
Обновлено 09.12.2023 в 12:12
Поделиться
Поделиться

«Қазақстанға ауылдық жерлерді дамытудың жаңа тұжырымы керек. Бұл бағыттағы жұмыстар жағынан еліміздің тәжірибесі мол. Әлеуметтік-экономикалық дамытуды көздеген ең алғашқы «Ауыл» мемлекеттік бағдарламасы 1991-1995 жылдары жүзеге асырылған. Одан кейін басқа да жобалар пайда болды. Алайда Қазақстанның жері үлкен болғандықтан ауылдарда әлі шешілмеген мәселелер бастан асады», дейді экономика ғылымдарының докторы, АӨК экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғалымы Шолпан Әкімбекова.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі ұлттық жобаның негізгі мақсаттарының бірі ретінде 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты өсіру мен ауыл шаруашылығында 500 мың адамды жұмыспен қамту міндеті қойылған.

Ауылдық жердегі елдімекендермен есептегенде біздің қазіргі қоныстану әлеуетіміз 6,3 мыңнан асады. Соңғы жылдары 20-200 адамдық ұсақ ауылдардың біртіндеп жойылып, үлкен ауылдардың одан сайын үлкейе түсіп жатқаны байқалады. Ұлттық экономика министрлігінің бағалауынша, ауыл атаулыдағы бар халықтың 85%-дан астамы үшін өмір сүруге жайлы орта құруға әлеуеті жететін 3,5 мың ауыл бар. Бұл барлық ауылдық елдімекендердің 56 пайызы.

Ел ішіндегі көші-қон барған сайын күшейіп келеді. Заман өзгеруде, халықтың, әсіресе, жастардың көңіл-күйі өзгеруде. Жастар қалаға қарай ұмтылады. Бұл қалыпты, табиғи құбылыс. Бірақ солай екен деп, ауылды дамытуды тоқтатуға болмайды. Ауылда әлі адам бар, олар да білімге, дамудың мүмкіндіктеріне мұқтаж. Жалпы, ауылдардың аудан орталықтарының маңайында шоғырланатыны концептуалды тұрғыдан дұрыс. Өйткені осы арқылы білім беру, медициналық қызмет көрсету және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелері әлдеқайда тиімді шешіледі.

Солтүстікте аудан орталығынан шалғай орналасқан өте шағын ауылдар бар. Мәселен, 1,5 мың тұрғыны мен ауылды жұмыспен қамтитын агрокәсіпорны бар делік. Мектебі мен инфрақұрылымы сақталған ұсақ ауылдар Қазақстанда аз емес. Оларды жоюға болмайды, керісінше, ондай жерлерді жастар келуі үшін дамытудың жөні бар. Рас, кейбір жерлер егін салуға, өсімдік шаруашылығы үшін жарамсыз, бірақ халық ондай жерлерді мал өсіруге бейімдеп алады. Ондай жерлерді дамытудың болашағы да, мәні де бар.

Шолпан Әкімбекова.

Қазір ауылдық жерлерді модернизациялаудың үшінші кезеңі жүріп жатыр, «Ауыл – ел бесігі» ұлттық жобасы аясында инфрақұрылымдық дамуға мол қаражат салынды, кәсіпкерлік іске қосылды. Бірақ қанша десек те, қала мен ауыл өмірінің деңгейі ешқашан бірдей болмайды. Өйткені ауылдың тынысы бөлек, қаланың тіршілігі мүлдем басқа. Кей ауылдар тіпті «өркениеттің» келгенін қаламайды. Бұлақтың суын ішіп, малын бағып, баяғыдай тып-тыныш тіршілікке әбден үйренген. Балалары әлдеқашан қалаға қашып кетсе де. Негізі, урбанизация деген үрдістен біз ешқайда құтылмаймыз. Біздің мақсатымыз тұрғындарды аудан орталықтары мен қалаларға қарай шоғырландыру. Болашағы жоқ, дамудың еш ресурсы жоқ жерде отыра бергеннен не пайда? Сосын соңғы уақытта ауылдық жерлерде бала туу көрсеткіші төмендеп кетті. Оның басты себебі – ауылдан жастар кетіп жатыр.

Ауылдағы тіршіліктің сапасы мен деңгейі тым баяу өседі. «Ауыл – Ел бесігі» жобасынан үлкен үміт күтілуде. Жоспар бойынша, 2030 жылға қарай ауыл халқының кемінде 80 пайызын тұрмыс сапасының заманауи стандартымен қамту көзделген, өнім мен қызмет көлемін кемінде 2,5 есеге өсіру мақсаты қойылған.

Ауыл тұрғындарының табысын арттырудың ең басты талабы – тұрақты жұмыстың болуы. Алайда Қазақстанда ауыл экономикасы дамымай қалған. Балама болатын басқа жұмыстар деген перспектива жоқ. Ауыл шаруашылығындағы жұмыстың беделі де төмен, ауылға келіп жатқан білікті кадрлар жоқ, өндіріс тиімділігі өсіп жатқан жоқ. Нәтижесінде еңбекке қабілетті халық ауылдан кетіп жатыр. Бір байқағанымыз, шалғай ауылдарда үлкен мектеп салудың қажеті шамалы екен, өйткені 11 сыныпқа дейін оқитын балалар аз. Алғашқы мүмкіндік бола салғанда олар қала немесе аудан орталығына көшіп, сол жақта оқығанды жөн көреді.

Қазіргі жастар басқа нәрселерге басымдық береді. Цифрландыру дәуірінде әлемнің басқа елдеріндегі жастардың қалай өмір сүретінін олар көре алады. Ауылмен салыстырғанда қалада мүмкіндік көп екені белгілі ғой. Біздің институттың ғалымдары жасаған байлам бойынша, ауылдық жердегі халықтың үлесі 30 пайыздан аспауы тиіс.

Ауыл экономикасының даму деңгейі ондағы негізгі өндірістік күш – ауылдың еңбек күші әлеуетімен байланысты. Соңғы 10 жылда ауылда тұрғындарының қартаюы қатты белең алған. 2010 жылы ауылдағы 15-28 жастағы тұрғындар үлесі 27,3% болса, қазір 21%. Демографиялық жағдай оңып тұрған жоқ ауылда.

2017-2018 жылдары Беларусьтің мысалымен агроқалашықтар салуды көздейтін жобамыз болған. Жақсы-ақ тәжірибе, бірақ Қазақстанның жағдайында оны қолдану әзірге мүмкін емес екен. Сондықтан біз үшін әзірге ең идеалды шешім – ауылдарды ірілендіру мен аудан орталықтарының маңайына шоғырландыру. Үкімет сөз қылып жүрген өңірлерді дамытудың жаңа тұжырымында жалпымала сөздер аз, нақты мақсаттар көбірек болып отыр.

ТЕГи: Главное, Сарапшылар ойы, Экономика
Айдын Қайнарұлы 09.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?