Categories: Қоғам

Қазақтың билігі неге тек бүлдірумен айналысады?

«Біздің билік құлатпаған не қалды», деген сауал тастайды желіде Бейсенғали Көкей деген белсенді.

Былай деп тізіп шыққан екен пікір авторы:

  • Ауыл шаруашылығынан түк хабары жоқ экс-президент толықтай бұл саланы тып-типыл етті. Ет, сүт, өнімдері, дәнді-дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек, дүкен сөрелерінде жоқ.  Супермаркеттер шетелдік өнімдерге тәуелді болып тұр.
  • Оптимизация деп бес облысты жаптық. Халықты босқын қылдық, Қаланы соғыссыз-ақ күл-талқанын шығардық.
  • Жоғары оқу орындарын жекеге беріп, білім саласы құлдыраттық.
  • Инвестиция тартамыз деп, халыққа тиесілі жер асты байлығын көрінген көк аттыға үлестірдік.
  • Елдің қамын жейді ғой дегендерді түрмеге тықтық, аттық, сыртынан соттап, шетел асырдық.
  • Табиғатқа көңіл бөлу деген жоқ, экологиялық жағдай сын көтермейді. Орман, көл, өзендер қараусыз қалды. Орманшыға бөлінетін мардымсыз қаржыны көпсініп, олардың штатын қысқарттық.

Ал енді осының бәрінен шыққан нәтиже бар ма деп сұрарсыздар. 

Нәтиже – көз алдарыңызда тұр!

дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago