«Біздің билік құлатпаған не қалды», деген сауал тастайды желіде Бейсенғали Көкей деген белсенді.
Былай деп тізіп шыққан екен пікір авторы:
- Ауыл шаруашылығынан түк хабары жоқ экс-президент толықтай бұл саланы тып-типыл етті. Ет, сүт, өнімдері, дәнді-дақылдар, көкөніс, жеміс-жидек, дүкен сөрелерінде жоқ. Супермаркеттер шетелдік өнімдерге тәуелді болып тұр.
- Оптимизация деп бес облысты жаптық. Халықты босқын қылдық, Қаланы соғыссыз-ақ күл-талқанын шығардық.
- Жоғары оқу орындарын жекеге беріп, білім саласы құлдыраттық.
- Инвестиция тартамыз деп, халыққа тиесілі жер асты байлығын көрінген көк аттыға үлестірдік.
- Елдің қамын жейді ғой дегендерді түрмеге тықтық, аттық, сыртынан соттап, шетел асырдық.
- Табиғатқа көңіл бөлу деген жоқ, экологиялық жағдай сын көтермейді. Орман, көл, өзендер қараусыз қалды. Орманшыға бөлінетін мардымсыз қаржыны көпсініп, олардың штатын қысқарттық.
Ал енді осының бәрінен шыққан нәтиже бар ма деп сұрарсыздар.
Нәтиже – көз алдарыңызда тұр!
дейді ол.