Қоғам

Қазақтың полициясы тағы да «күшейтілген күйге» түсті

Қараша айының соңғы он күні Қазақстанның полиция қызметкерлерін қинап жіберетін болды.

Бұлар тағы да қызметтің «күшейтілген нұсқасына» ауыстырылды.

Саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жүргізіледі.

Алкогольді ішімдік ішу, қоғамдық орындарда мас күйде жүру, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау, ортақ пайдалану орындарын ластау, тыныштықты бұзу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол беру сынды құқық бұзушылықтарға “мүлдем төзбеушілік” қағидаты қолданылады.

Қорғау нұсқамасы шығарылған, мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған, ІІО есебіне алынған адамдар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша рейдтер жүргізіледі.

Сонымен қатар жол жүрісі қозғалысы мәселесіне бақылау күшейтілді. Стихиялық қоқыс орындарын және олардың шығу көздерін анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Іс-шара жергілікті атқарушы органдармен, “Amanat” партиясының өңірлік филиалдарымен, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар қозғалыстарының және БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл аясында өткізіледі. Операцияның негізгі бағыты – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту. 

– Әр қызметкер заң атынан нақты әрекет етуі керек. Азаматтармен сыпайы болуды ұмытпау қажет. Заң бәріне бірдей,

деп атап өтті Ішкі істер министрі Ержан Саденов.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago