Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Руханият > Тарих > Қазақтың тұңғыш әйел ұстаздары кімдер?
ТарихГалерея

Қазақтың тұңғыш әйел ұстаздары кімдер?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 06.10.2023
Обновлено 06.10.2023 в 10:10
Поделиться
Фото: Томирис Мұхаммедджан
Поделиться

Қазақ даласында ХІХ ғасырдың соңында ағартушылық мәдениеті келе бастады. Күллі қазақ баласы ғылым алуға, кәсіп үйренуге, білім алуға ден қойды. Олардың арасында қазақ қыздары да білім үйреніп, білгенін өзгелерге үйрете білді. Бірақ бізге жеткен ашық деректер бойынша, бұл туралы ақпарат өте аз. Bugin.kz тілшісі қазақтан шыққан тұңғыш әйел ұстаздарды жинақтап, оқырманға ұсынады.

Оразбибі Махмұдова

Оразбибі Махмұдова — қазақ даласындағы алғашқы педагог. Ол 1902 жылы Семейде дүниеге келген. Семейдегі 2 жылдық педагогикалық курсты тәмамдап, мұғалім болып шығады. Сол жылдардағы мұғалімдік курсты алғашқылардың бірі болып бітірген Оразбибі Махмұдова еңбек жолын №12 совет қазақ мектебінен бастаған. Онымен бірге қазақ әйел мұғалімдері Жұмабике Ибрагимова, Нәзипа Құлжанова, Жәмилә Кәрімова, Айтбану Көркембаева, Бәтимә Татубаева жұмыс істеп, қарапайым халыққа сауат ашуды үйреткен.

Нәзипа Құлжанова (1887-1934)

Нәзипа Құлжанова 1887 жылы Торғай қаласында дүниеге келген. Нәзипа Құлжанованы мұғалімдіктен гөрі тұңғыш журналист, этнограф, аудармашы ретінде танитынымыз рас.  Бірақ ол 1902 жылы Қостанайдағы қыздар гимназиясын тәмамдағаннан соң, бірден Торғайдағы қыздар училищесінде, кейін Семейдегi мұғалiмдер семина­риясында сабақ береді. Ұстаздығымен қатар Нәзипа Құлжанова ағартушылықпен айналысып, тұңғыш педагог-ғалым атанады. Сондай-ақ, көлемді іс-шаралар ұйымдастырған. Соның бірі 1914 жылы Семей қаласында Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай поэзия кешін ұйымдастыруы еді. Осы шарада Ахмет Байтұрсынұлы оған өлең арнап, 1924 жылы шыққан «Ана мен бала» атты еңбегiне алғысөз жазған.

Нағима Арықова (1902-1956)

Нағима Арықова 1902 жылы Верный қаласында дүниеге келген. 1918 жылы Ташкентте педагогикалық курсты бітіріп, Семей мен Мәскеуде білімін жетілдірген. Алматы мен Семей қаласындағы мектептерде мұғалім болған. Кейіннен РК(б)П Ceмей губерниялық комитетінің нұсқаушысы, әрі қарай БК(б)П Батыс Қазақстан обкомының мәдениет және насихат бөлімінің меңгерушісі, «Сталин жолы»  журналының редакторы, Қазақ КСР әлеуметтік қамсыздандыру халкомы қызметтерін атқарған. Кейін Қазақтың мемлекеттік баспасында редактор, редакция меңгерушісі болды. Ол ұстаздықтан бастаған қызметін әрі қарай жалғастырып, қазақ әйелдерінің теңдігін қорғап, олардың сауатын ашу, мәдениетке баулу ісіне елеулі үлес қосқан тұлға.

Алма Оразбаева

Алма Оразбаева 1898 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ордадағы жоғары бастауыш ерлер мектебі жанындағы 3 жылдық курсты тәмамдап, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шығады. Ұстаздық жолын Новая Казанка ауылынан бастайды. 1917 жылы Ордада өткен мұғалімдер съезіне қатысып, бірнеше мәселенің шешуіне ықпал етеді. Оның ішінде қазақ қыздарының құқығын қорғау, білім алуы мәселелері де қамтылды. Сондай-ақ, Алма Оразбаева тарихқа қазақ әйелдеріне білім беру және қалың мал сияқты ескірген дәстүрлерді жою арқылы фемактивист ретінде кірді.

Рафиқа Нұртазина

Рафиқа Нұртазина  — педaгoг-әдістемеші, ғалым, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалім. Ол Павлодар облысы, Павлодар ауданы, 6-ауылда дүниеге келген. Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) филология факультетін бітірген. 1951-71 жылдары Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінде орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, 1971 жылдан сол мектептің директоры болды. 1972 жылы республикалық педагогикалық қоғамның төрағасы болып сайланды. Рафиқа Нұртазина 40-тан астам ғылыми әдістемелік еңбек дайындап, қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиетін оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысқан. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов «Рафиха орыс-украин жұртының Лев Толстойы, Ушинский, Макаренкосы, Сухомолинский, қазақтың Ыбырай Алтынсарины, Спандияр Көбеев, Құмаш Нұрғалиевы сияқты аса атақты педагогтар қатарына қосылады. Қара тасты қақ жарып, шыңға шыққан еңлік гүлдей, қазақ әйелдерінен ұстаз-ғалым, ұстаз-жазушы, ұстаз-қайраткер болып, қоғамның биік баспалдағына көтерілген аналардың бірі де, бірегейі де осы — Рафиқа Бекенқызы» деп баға берген.

ТЕГи: Қазақстан, Руханият
Сая Манарбековна 06.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?