Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақтың таксистері митингке шығуы мүмкін
Қоғам

Қазақтың таксистері митингке шығуы мүмкін

Арман Ерғалиев
Арман Ерғалиев 31.05.2023
Обновлено 31.05.2023 в 01:05
Поделиться
Поделиться

Қазақстан билігі өз елінде күнін әрең көріп жүрсе де, әзірге тыныш жүрген таксистерге тиісейін деді. Таксистерге қойылатын талап қатаңдайды. Онлайн-платформа арқылы жұмыс істеп жүрген таксистердің қызметін заңдастырмақ.

ҚР ИИДМ ережеге өзгеріс енгізу жобасын дайындады, деп хабарлайды kolesa.kz. Жобаға сай, құжатта «таксимен тасымалдаушы — интернет-платформа және (немесе) платформаның мобильді қосымшасын пайдаланып қызмет көрсететін немесе жұмыстарды орындайтын жеке тұлға, жолаушылар мен жүкті таксимен тасу қызметін көрсететін жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға» деп жазуды ұсынып отыр.

Егер өзгеріс қабылданса, мысалы, Яндекс Go қосымшасы арқылы жұмыс істейтін таксистер арнайы әкімдік реестріне тіркеліп, жұмыс барысында «Автомобиль көлігі туралы» заң талаптарын сақтауға міндетті болады. Атап айтқанда:

  • жолаушы және жүк тасуға айрықша белгісі бар (шаршы белгі, «Такси» деген жазу және т.б.) машина пайдалану;
  • сапар алдында машинаны техникалық тексерістен өткізіп, өзі сапар алдында және сапардан кейін медициналық тексерістен өту;
  • уақытында демалу.

Алматы және елдегі өзге ірі қалалардағы көптеген такси бұл ереже енбей тұрып, бұрыннан арнайы белгі немесе схемалар тағып жүр. Бірақ ауысым алдында машинаны техбайқаудан, жүргізушіні медициналық тексерістен өткізу әдетке айналмағаны анық.

Таксистер жоғарыда аталған талаптарды сақтаған-сақтамағанын олармен жұмыс істейтін компанияның ақпарат-диспетчерлік қызметі бақылайды. Жүргізуші техникалық және медициналық тексерістен қалай өтетінін жобада нақты көрсетпепті. Елімізде WhatsApp-тағы фотоға қарап, машинаны техбайқаудан өткізіп жүргендер бар екенін ескерсек, жүргізушінің денсаулығын смартфон камерасы арқылы тексеретіндер де табылатын шығар.

Таксистер мен оларды бақылайтын қызметкерлерді кім қадағалайтыны да белгісіз. Полицейлер шығар. Бірақ олар елге ағылған шетелдік көліктерді бақылауда ұстай алмай, соңында жаппай заңдастырып жатыр.

Көлік комитеті бақылауға ала ма екен? Бірақ олар қалааралық бағыттағы заңсыз автобус жүргізушілерін тізгіндей алмай отыр. Демек таксистерге қатысты жаңа ереже қағаз жүзінде қалуы әбден мүмкін.

Таксистер кірісін бақылау, жүргізушілерге лицензия беру және т.б. ережелер ешқашан жүзеге асқан жоқ. Жергілікті атқарушы органдар тіпті әуежай мен вокзал маңындағы алаяқ таксистерге тоқтау сала алмай отыр.

Арман Ерғалиев 31.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамБілімРуханият

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

26.09.2025
ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?