Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қазақтың тазысын кім тірілтеді?
Қоғам

Қазақтың тазысын кім тірілтеді?

Наргиза Аршидин
Наргиза Аршидин 03.02.2023
Обновлено 03.02.2023 в 11:02
Поделиться
Поделиться

Ескеретін дүние, қазақ тазысын, яғни тазы тұқымын тек аңшылар ғана тірілте сақтай алатынын ескеру қажет.

Қазақ тазысы, «жеті қазынаның» бірі тазы тұқымының жойылып кету қаупі туралы мәселе бұрыннан айтылып та, жазылып та жүр. Биыл жыл басында бұл мәселені мүмкіндігінше барлық деңгейде талқылаудан өткізгенен кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ақорда сайтында хабарланғандай, ақыры «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Заң ежелгі қазақы ит тұқымдары — тазы мен төбетке қатысты.

Заңға сәйкес, құзіретті органның мамандандырылған ұйымы жанынан Қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Орталық қазақы иттердің асыл тұқымды кітабын енгізу мен стандарттатын дайындау мәселелерімен айналысады.

Сонымен қатар, ҚР қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайтумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік тапсырысты орындау үшін стратегиялық серіктестіктер, гранттар мен марапаттарға қатыса алады.

Заң нормаларын іске асыру үшін 1,4 млрд теңге қажет. Бұл соманы бөлу республикалық бюджет комиссиясының отырысында қолдау тапты.

Мұндай заңның қабылдануы қағаз жүзінде болса да, үміт сыйлайды, өйткені әзірге тазы тұқымының жағдайы мәз емес: тіпті таза тазылардың саны да белгісіз (кейбір деректер бойынша жүз елуге жуық). Осы ақшы иттерді сақтаумен айналысқан жалғыз адамдар аңшылардың өздері ғана еді.

Жалпы, әрине, Ұлттық орталықтың құрылуы маңызды қадам. Бір маңызды тұсы, Халықаралық кинология федерациясының (Fédération Cynologique Internationale, FCI) классификациясына сәйкес, қазақ тазысы — тазы тұқымына жатады. Яғни, қазақ тазысы халықаралық деңгейде мойындалу үшін сыртқы сипаты ғана емес, сонымен қатар нақты аңшылық дағдыларға да ие болуы керек.

FCI мойындаған тазылардың сипаттамаларына қараңыз. Мысалы, орыс тазысы, басқа ерекшеліктермен қатар, олжа іздеуде (баяу жүгіру және түзу қадам) және жемтікті қуу кезінде (қатты жүгіру) белгілі бір жүріс пен жүгірісті сақтау керек. Сонымен қатар басқа да абстрактылы емес мінез-құлық ерекшеліктері болуы керек. Жалпы, тазылар жүгіру жылдамдығы мен тепе-теңдігі, төзімділігі, өзін өзі ұстауы мен мінез-құлқы бағаланады.

Қалыпты күркеде ғалымдардың қатысуымен болса да, генетикалық жағынан толыққанды ит тұқымын өсіруге болады. Тазы немесе өзге де аңшы ит тұқымының басқа қасиеттерін тек аң аулау арқылы ғана дамытуға болады. Тіпті аңшы иттердің сыртқы сипатын да аң ауламай қалыптастыра алмайсыз, өйткені бұл сәндік үй иттері емес, мыңдаған жылдық тарихы бар табиғи аңшы иттер. Сондықтан аңшылардың өздерін, мамандандырылған бірлестіктер мен ұйымдардың тікелей қатысуынсыз бұл тұқымның жандануы мен дамуы, одан ары халықаралық деңгейде мойындалуы қиын.

Тазы тұқымын жаңғырту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бұл міндетке тек мемлекеттік кәсіпорындар мен ведомстволарды ғана емес, сонымен қатар аңшылықпен байланысты және сы салада практикалық түрде бұл тұқымды сақтау және пайдалану тәжірибесі бар қоғамдық ұйымдарды да тарту қажет деген сөз.

Сонымен қатар, тазымен аң аулау, соның ішінде қазақтың дәстүрлі атпен аңға шығуды ұйымдастыру мәселесіне көңіл бөлу керек. Бұл тармақтардың барлығы заңмен бекітілуі керек.

ТЕГи: Қазақстан
Наргиза Аршидин 03.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?