Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қазақ ит тұқымының стандартын бекітуге байланысты құжат жарияланды.
3 наурызда қоғамдық талқылауға ұсынылатын құжатта қазақы тазының құлағы жарғақ, жүні тықыр (жүнінде ілгегі мен шашағы болмайтын) түрлері де қазақы ит тұқымы болып саналатыны айтылған.
Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі – 103. Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер ұрғашысына қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 76 сантиметр, қаншықтардікі 68 – 72 сантиметр,
деп жазылған құжатта.
Ашық талқылаудан кейін құжат осы жылдың 1 шілдесінде қолданысқа енгізіледі.