Бізде «ұлттық идеологияның» жоқтығы көп айтылады.
Екінші жағынан, «идеология деген нәрсе кеңестік заманнан қалған сарқыншақ, оның болмағаны да дұрыс» дейтіндер де табылады.
Бірақ бүкіл әлем елдері өздерінің ұлттық тіл, дін, тарих, салт-дәстүрін өзгелерден жоғары қояды.
Сол нағыз ұлттық идеология!
Бізде соңғы жылдары Қазақстан деген мемлекетке атын беріп отырған қазаққа, қазақылыққа қарсы астыртын көзге көрінбейтін күрес жүріп жатқандай.
Өкінішке қарай…
- Біз ата-анасы қазақша сөйлесе де, балаларының тілі “синий тракторлардың” кесірінен орысша шығып жатқан елде қашан ояндық?
- Біз Шәкен Аймановтың заманында таза қазақша майын тамызып сөйлеген фильмдерден алыстап, не орысша емес, не қазақша емес, «халықтың деңгейі сол» деп шала қазақша түсірілген комедиялар дүркіреген уақытқа қалай тап болдық?
- Бұл да идеология ғой: қазақша таза сөйлемесең, сол квн-щиктердің деңгейінде трендте болатындай?
- Біз «домбырасы» харам, салты жаман, «шешесі» надан дейтін түрлі сенім, ағым өкілдері, «коуч-психологтары», «ментор-мотиваторлары» уағыз айтқан күнге қалай жеттік?
Мемлекет, билік неге қазақ тілін өз тұғырына көтеріп, тарих, салтпен күрескендерді орнына қоймайды?
Есіңде болсын, Қазақстан деген мемлекетте тұрасың ба, тұрғың келе ме, Қазаққа қарсы күреспе! Қазақтың тіліне, дініне, тарихына, салтына қарсы шаппа. Қазақтың қазақ болғанына 550-600 жыл, исламды қабылдағанына мың жыл, ешкім де бұл тарихты бұрмалап, ұлтты басқа арнаға бұра алмайды.
Камшат Тасболат