Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Шолу > Әлеуметтік желіге шолу > «Қазақ қызы қашан ұлттық киімді жалаңаш денесіне киген?» — этнограф дизайнерге шүйлікті
Әлеуметтік желіге шолу

«Қазақ қызы қашан ұлттық киімді жалаңаш денесіне киген?» — этнограф дизайнерге шүйлікті

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 12.12.2022
Обновлено 12.12.2022 в 05:12
Поделиться
Поделиться

Белгілі дизайнер Аида Кауменова желідегі парақшасына боксер Ангелина Лукастың қазақтың ұлттық киімін жалаңаш денесіне киіп, face-to-face рәсіміне қатысқан видеосын жариялады. Айтуынша, ол бұл костюмді жобалағанда Томирис ханшайымның киімінен шабыт алған.

Мықты қазақтың қыздарын қолдаймын! Ол мықты боксшы болғандықтан біз оған а-ля Томирис стилінде костюм жасауды шештік. Ол да тамаша батыр қыз болды ғой!

деп жазды Аида Кауменова.

Алайда бұл көптің ашуын туғызды.

Бұл туралы тарихшы-этнолог, журналист Тұрар Сәттарқызы Facebook парақшасына пікірін білдірді.

“Неткен намыссыз ұлт едік. 
Қорланбаған неміз қалды, осы?!

«Нағыз қазақтың мықты қызы» деп жатыр екен мына сорақылықты белгілі дизайнер Аида Кәуменова. Аида, ұлттың, қазақ қызының тазалығы мен адалдығының, ұяты мен арының символы болған сәукелесін қорлап, тырдай жалаңаш қызға кигізіп, нағыз қазақ қызы деуіңіз, ар мен ұятты бәрінен биік қоятын, барша  қазақ қыздарының намысын таптағаныңыз.

Қазақ қызы қашан ұлттық киімді жалаңаш денесіне киген екен? 
Сакралды маңызы бар ұлттық ою-өрнектің киесі бар деген ұлт емес пе едік?!”,

деді журналист.

Сондай-ақ, ол жоғарыдағыларға үндеу тастап, ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керегін баса айтты.

“Ел қалаулылары болып жүрген депутат мырзалар, ханымдар!

Қашанғы ұлт символдарын осылай қорлауға жол бере береміз? Намыстарыңыз бар ма, өзі? Ұлт құндылығын қорғай алмасақ, несіне ұлт болып жүрміз? Ел ертеңіне алаңдасақ, ұлтттық құндылықтарымызды қорғайтын заң керек!

Ана бір жылы Шырын деген қаршадай қыз қазақ киімін күлкі қылды. Өткенде Мухаряпов деген тілімізді қорлады. Енді міне, ұлттық киімдерді тігіп дәріптейтін, содан кәсібін дөңгелетіп отырған ұлты қазақ Аиданың жасап отырғаны мынау?», — деп ашуланды ол.

Тұрар Сәттарқызы Аида Кауменованы ар-намысқа шақырып, жауап беруін талап етті.

«Аида ханым, ұлттың дүниенің қадір-қасиетін білмесеңіз, бойыңызда қазақы намыс болмаса, жасап жүрген ісіңізді қоя салыңыз. Әлде сізге ұлттық дүние кәсіптің көзі ғана ма?

деп жазды этнограф.

«Ау, ағайын, кім көрінген төл теңгемізді таптайды, туымызды, ұлттық киімімізді қорлайды, мыңқ етпейтін неткен халық едік?! 

Өзге бізді сыйласын десек, өзіміздікін құрметтеуіміз керек емес пе? Өзге жұртқа әбден масқара болғанша,намыстан неғып өліп кетпейміз?! Намыс қайда, жұртым?! Мен намысты бәрінен биік қоятын қазақтың қызымын, сондықтан Аида Кәуменованың ұлтымыздың киімін қорлағаны үшін жауап бергенін талап етемін”, — деп жазды Тұрар Сәттарқызы.

ТЕГи: Главное, Трендте
Анара Бауыржанқызы 12.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?