Қазақ жігіттеріне әйел емес, құл керек- психотерапевт

Ерлер мен әйелдер қарым-қатынасы ау бастан көтеріліп келе жатқан мәселе. Ортақ шешімі жоқ, пікірлер бір жерде тоғыспайтын өткір мәселені психотерапевт Жібек Жолдасова тағы да көтерді.

Жібек Жолдасова тұрмыстық зорлық-зомбылық, тізесі шығып бүгінде қажеттілігін жойған салт-дәстүрлер туралы мәселені үнемі көтереді. Себебі кейбір дәстүрлер жаңа қоғамның заңдылығына қайшы келеді. Әйелдер қауымы қолдады. Алайда арты тағы бір мәселенің ұшын шығарды. Қазақ жігіттері отбасын құруда қандай құндылықтарға сүйенеді?

Біздің қазақ жігіттері не үшін үйленеді? Жақсы жар табу үшін емес, отбасына тегін жұмыс күшін табу үшін бе? Қыздардың тағдырлары бір-біріне ұқсас. Күйеуі мен оның туыстарыалдында жаман кім? Әрине жаман келін бола шығады. Ата-анасын құрметтемейді-мыс. Ал оның қандай болу керектігін ешкім дөп басып айта алмайды.

Құрмет деген не? Жолдасыңның барлық туысының аяғына жығылуды құрмет дей ме? Бұдан бөлек, қыз бала келін болып түскеннен кейін жасамайтыны жоқ. Үш рет тамақ дайындайды, жұмыс істейді, бала тәрбиесімен айналысады, өз төркінін де ұмытпайды. Соған қарамастан жаман болып қала береді,

деді Жібек Жолдасова.

Маманның айтуынша, жігітке өзіне серік болатын, түсінетін, қолдайтын екінші сыңар қажет емес. Ол отбасының көңілінен шығуды ойлайды. Келін ең алдымен жігіттің ата-анасының үмітін ақтай білу керек. Бір сөзбен, проблемаларға белшесінен батқан отбасын өз мойнына арқалайтын тегін құл керек.

Қыз бала сүйгеніне емес, оның ата-анасына тұрмысқа шығу керек пе? Әлде жігіт әйелге емес, келінге үйлену керек пе?

деп сұрайды маман.

Түбі ажырасуға жеткенде, жігіттің айтатын сылтауы: «Ол жаман келін болды».  

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago