Categories: Оқиға

«ҚазАгроҚаржы» директоры көлігінде өзіне қол салған: соңғы хатында серіктестерін кінәлаған

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы директоры Ержан Устаев алдын ала мәлімет бойынша өз көлігінде өзін-өзі атып өлтірген. Марқұм өлер алдында хат жазып қалдырған, деп жазады Orda.kz.

Хатта Ержан Устаев Алматы облысының ауылшаруашылық саласында 18 жыл бойы адал қызмет еткенін айтады. Айтуынша, кейінгі кездері сәтсіздікке ұшыраған.

Соңғы бірнеше жылда мен құрғақшылық және өнімсіздік секілді сәтсіздікке ұшырадым. Кейбір достарым мені алаяқ етіп көрсеткісі келеді, сол менің көңіліме қатты тиеді.Соның кейбір тұстарын сіздерге айтқым келеді,

делінген хатта.

Белгілі болғандай, 2022 жылғы көктемде Устаев шаруа қожалықтарына көктемгі егіс жұмыстарына 20 трактор бөлген. Агрокомпанияның бұрынғы басшысының айтуынша, кейбір фермерлер техниканы оның «ҚазАгроҚаржы» басшылығымен келіспеушілігінен рәсімдеп үлгермеген.

Марқұм Санат Адамов есімді өзінің орынбасары тракторларды сатып, иемденіп алды деп өзін сыртынан қаралағанын, өзінің кінәсіздігін дәлелдегенін және орынбасары шаруаларға неге өтірік айтқанын түсінбейтінін айтады.

Мен Санат Адамовқа осылай істеуге не түрткі болғанын білмейтін. Ол көп жыл бойы менің орынбасарым, жақтасым болды. Өз еркімен қызметтен кетті. Исламға сенетін адам ретінде Санат саған сұрақ қойғым келеді. Ислам адамды қаралауға рұқсат бере ме?

дейді Устаев хатында.

«ҚазАгроҚаржы» компаниясының Алматы облысындағы филиалының бұрынғы басшысын басқа да фермерлер қаралаған. Ержан Устаев хатында олардың атын атап, өзінің алаяқ емес екенін айтады.

Соңында Устаев кешірім сұрап, Рүстем Сапарғалиев есімді азаматпен серіктес болудан сақтануды ескертеді. Айтуынша, дәл осы адам оның атынан несие алып, оны мойнына артып кеткен. Марқұм қарызды өтей алмағанын айтады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago