Қазан айына дейін Украинада қанша ресейлік қаза тапты?

Би-би-си ашық дереккөздерге сүйене отырып, Украинада соғыста қаза тапқан 7500-ден астам ресейлік әскерилердің есімдерін анықтай алды. Осы аптада жұмылдырылған ресейліктер арасында қанша адам қаза тапқаны белгілі болды. БББ арнайы күштерін қоса алғанда, ең элиталық бөлімдер айтарлықтай шығынға ұшырап жатыр.

Ресейдің Би-Би-си қызметі «Медиазона» басылымымен (Ресейде «шетел агенті» деп танылған) және еріктілер тобымен бірге Украинада қаза тапқан ресейлік әскери қызметшілердің тізімін жүргізіп жатыр. 14 қазанда олар 7502 қаза тапқан сарбаз бен офицер туралы ақпаратты растай алған.

Басылым тек расталған өлім деректеріне сүйенетінін, сондықтан алынған ақпарат нақты шығынды көрсетпейтінін айтады.

Ресми хабарламаларда қаза тапқандардың саны біршама азайтылып көрсетілгенімен, зираттардан келіп түсетін ақпарат мүлде басқа картинаны береді. Әр апта сайын Ресейдің әртүрлі елді мекендерінде Ресей әскери қызметкерлері жерленіп жатқаны деректер басылымға дәлелмен келіп түсіп жатады. Ол туралы Ресей билігі еш жерде жарияламайтын көрінеді.

Осы бақылауларға сүйене отырып, Би-Би-си жүргізетін расталған адам шығындары тізімі тек 40-60% деректі ұсынып отыр деп болжанады. Ал шын мәнінде соғыста қаза тапқандардың саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Демек, ең консервативті бағалау бойынша Украинадағы Ресей әскері мен Ресей гвардиясының шығыны шамамен 15 000 адам болуы мүмкін.

Әскери-теңіз талдау орталығының сарапшысы Майкл Хоффманның бағалауы бойынша, Украинадағы соғыс кезінде қаза тапқан әрбір ресейлік әскери адам үшін шамамен 3,5 жараланған адам бар. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Ресейдің қайтымсыз шығындары (яғни жарақат алу, өлім немесе хабар-ошарсыз кеткендердің саны) кем дегенде 53000 адамды құрауы мүмкін деп болжауға болады.

Жұмылдырылғандар арасындағы шығын

Осы аптада Ресей билігі алғаш рет Украина аумағында жұмылдырылғандар арасындағы шығын туралы айта бастады. Бейсенбіде Челябинск облысының үкіметі Украинада соғысқа жіберілген бес жұмылдырушының қайтыс болғанын растады. Барлығы 14 қазанда ашық дереккөздер негізінде Украина аумағында жұмылдырылған 11 адамның қайтыс болғаны белгілі.

Олардың көпшілігі 25-28 қыркүйекте әскери комиссариаттарға келіп, екі аптадан аз уақыт ішінде соғыс аймағында қаза тапты. Майданға жіберілмес бұрын, жұмылдырылғандардың дайындыққа ең көбі жеті-он күн болғаны белгілі болды, бұл мамандардың айтуынша, соғыс қимылдарына қатысу тәжірибесі бар адамдардың дағдыларын шыңдау үшін жеткіліксіз.

Жұмылдырылғандардың көпшілігі Орал мен Сібірдің тұрғындары, бірақ тек олар ғана емес. Украинада Санкт-Петербург тұрғыны, адвокат Андрей Никифоровтың, сондай-ақ Мәскеу Үкіметінің бөлім бастығы Алексей Мартыновтың қайтыс болғаны туралы белгілі. Екеуінің де бұрын жауынгерлік тәжірибесі болмаған.

Кем дегенде 18 жұмылдырылған адам майданға жіберілгенге дейін әскерге шақыру пункттерінде немесе әскери бөлімдерде қайтыс болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago