Categories: Маңызды

Азаттықтың Қаңтар құрбандары туралы кітабы жарық көрді

Азаттық Радиосы «Қанды Қаңтар құрбандары» атты кітап шығарды. Редакция оны 12 қаңтарда Алматыдағы Ramada қонақүйінде жұршылыққа таныстырады. Бұл туралы сайтың өзі хабарлады.

Редакцияның айтуынша, жинақта 2022 жылғы қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың оқиғалары топтастырылып жазылған, Азаттық тілшілерінің қаңтар кезінде және одан кейін түсірген суреттері жарияланған.

Қаңтарда оққа ұшқан әр мұңлықтың оқиғасы құйқа тамырыңды шымырлатады. Алматыда оқ қарша жауған көліктің ішінде болып, бас сүйегі шашылып қалған 4 жасар Айкөркем Мелдехан, дүкенге нан алуға анасымен шығып, снайпер оғынан жан тәсілім еткен Сұлтан Қылышбек, көлігі түгелдей өртеніп, сүйектерін балалары жинап алған ерлі-зайыпты желтоқсаншылар Гүлзипа Құлсұлтанова мен Қуат Біткенбаев, кәмелет жасына толмай оққа ұшқан тараздық Андрей Опушиев пен шымкенттік Абылай Ергеш… Зар еңіреген ана, азаматын жоқтаған әйел, жетім қалған бала…

деп жазылған кітап алғы сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Азаттық Қаңтар құрбандарының тізімі жүйеленген арнайы микросайт әзірлеп, оны жұртқа таныстырған. Микросайтқа марқұмдардың деректері топтастырылған. Жоба әлі жалғасып, деректер толығып жатыр.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago