Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Қажылыққа арзан жолдама: Kausar Travel кімдерді сан соқтырды?
Қоғам

Қажылыққа арзан жолдама: Kausar Travel кімдерді сан соқтырды?

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 07.02.2023
Обновлено 07.02.2023 в 05:02
Поделиться
Фото: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев
Поделиться

Kausar Travel компаниясы мыңдаған адамды арзан бағада «қажылыққа жібереміз» деп алдаған. Туркомпанияның өкілдерімен кездесуге келгендер кеңсенің құлыппен жабулы тұрған есігіне тап болған. Қазақстандықтарды сан соқтырған компания туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін аталған компанияның қызметіне жүгініп, Сауд Арабиясына кіші қажылық өтеуге кеткендер де алаяқтыққа тап болғанын айтуда.

Бізге тур таңғы сағат 7.00-де басталатынын айтты. Алайда таңғы 7.00-де тур да, гид те жоқ болып шықты. Тіпті таңғы ас та болмады. Ол аздай бізден қонақүйді босатуымызды сұрады. Бірақ қазақтың азамат жігіттері сол жерде жиналып, жағдайымызды біліп, барлығы ақшасын шығарып, сол жерде отельдегі бір күнімізді төлеп, автобус жалдап, бізді Меккеге жіберді. Ал компания тарапынан уәде етілген төрт жұлдызды қонақүй, гид, таңғы және кешкі ас, ешнәрсе болған жоқ,

дейді алданып қалған қазақстандық азамат.

2 қаңтарда Instagram арқылы акция болып жатқанын көрдім. Сосын банк қосымшасы арқылы екі адамға 1 млн теңге аударым жасадым. Одан кейін 18 қаңтарда осы компания туралы ақпарат тарағаннан кейін келесі күні кеңселеріне бардым. Ол жерге мен сияқты 20 адам келді. Бізбен кездесуге компанияның директоры Медет Мұратбайұлы шықты. Ол «Иншалла, мен қазір инкассацияға ақшаға тапсырыс беріп қойдым, ертең таңертең ақшаны алып кетесіздер» деді. Содан келесі күні келсек, офисі жабық, қоңырауға жауап бермейді, менеджер қыздары да жауап бермейді,

дейді Анар Бекжігітова.

Анар Бекжігітова бірден Медеу аудандық полициясына барып шағым жазған. Алайда құқық қорғау органы шағымды қабылдамапты. Осылайша, ашуға мінген келіншек 24 қаңтарда БАҚ өкілдерін шақырып, жағдайды баяндаған. Тек осыдан кейін ған полиция алаяқтыққа тап болғандардың арызын қабылдаған екен.

Алданғандардың айтуынша, бүгінде 1 360 адам Kausar Travel компаниясының құрбанына айналған. Олардың басым бөлігі – турфирманың жалған жарнамаларына сеніп қалғандар.

2022 жылдың 18 желтоқсанында мен 480 мың теңгеге Kausar Travel компаниясынан умраға жолдама алдым. Instagram-нан олардың 1 000 долларға сатып жатқан акциясын көрдім. Мен ол жаққа бару үшін екі жылдай дайындалып, ақша жинадым. Көрсетілген нөмірге хабарластым, Балжан деген қыз жауап берді. «Бүгін акцияның соңғы күні, жолдама құны 1 000 доллар» деп айтты. Ешқандай келісімшарт жасалынған жоқ. Олар бар болғаны What’sАpp арқылы мөрі басылған сертификатты жіберді,

дейді Самат Мыңбаев есімді Kausar Travel компаниясының жолдамасын сатып алған азамат.

Клиенттердің айтуынша, турпакеттің ішіне ұшып барып келу, қонақүйде тұру, медициналық, сақтандыру, трансфер гид қызметі және шағын сыйлықтар кірген.

Компания пиары әлеуметтік желілерде қарқынды жүрді. Әсіресе отандық танымал жұлдыздар Kausar Travel-дың атын жан-жақты жарнамалады. Өткен жылы компания Алматыдағы мейрамханалардың бірінде салтанатты ашылу рәсімін дүркіретіп өткізген екен. Мерекелік кешті белгілі актер Аян Өтепберген жүргізген. Бұдан бөлек, құрметті қонақтардың қатарында Аша Матай, Мерей Абилова, Гүлзира Айдарбекова сынды танымал адамдар болған.  

Қатты араласпаймын. Бірақ ашылуына бардық. Меккеге жіберді. Содан кейін жақындарымды да сол компания арқылы жіберемін деп ойлағанмын. Ондай екенін білмеппін,

дейді танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова.

Бағдарлама барысында сюжетте айтылғандай, күмәнді компания бұған дейін 300-дей адамды қажылыққа тегін апарып келген екен. Олардың басым бөлігі – отандық жұлдыздар. Араларында әнші Мирас Жүгінісов пен Нұржан Керменбаев, актриса Салтанат Бақаева бар. Жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жанель Мақажан да тегін жолдамаға ие болғандардың қатарында. Компания былыққа батса да, өнер иелері оларға тіл тигізуден аулақ.

Қазан айының 10-ы күні өзім де Kausar Travel-мен бірге кіші қажылыққа барып келгенмін. Олардың қаншалықты жұмыс істейтінін, барлығын білемін. Ол жаққа мен, жарым және анам бірге барып келдік. Бізде ешқандай келеңсіз жағдайлар болған жоқ. Өйткені ол ел үшін жасап жатқан, адамдардың разылығы үшін жұмыс жасап жатқан тревэлдардың бірі,

дейді актер, блогер Абай Асылхан.

Бағдарламаның шығармашылық тобы компанияның директорына қатысты деректерді жинаған екен. Белгілі болғандай, Медет Мұратбайұлы 1996 жылы Шымкент қаласында туған. Банк алдындағы берешегі – 2 млн 161 мың теңге. 2021 жылдан бастап барлық есепшоты бұғатталған.

Медет Мұратбайұлы бағдарламаға келіп, ақшасын төлеген азаматтармен бетпе-бет кездеспесе де, Instagram желісінде болған жайтқа қатысты пікірін айтқан.

Біздің шалыс басқан кездеріміз болды. Мойныма ауыр жүкті алған да шығармын, мүмкін. Бірақ оның бәрі еліміз үшін, жамағатымыз үшін жасалған дүние болды. Мейлінше көп адамды апарсақ, көп адамға қызмет жасасақ деген ой болды. Мүмкін, басқа тревэлдер бізді бәсекелес көрді ме? Көп әңгіме болды, әлі күнге дейін болып жатыр. Ол жердегі басты нәрсе бизнес емес, демалыс емес, құлышылық еді,

деді Медет Мұратбайұлы Instagram парақшасындағы видеосында.
ТЕГи: Қазақстан
Сая Манарбековна 07.02.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?