Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Ажырасқандар үшін бала сауда ойыншығына айналды
Басты жаңалықтарҚоғам

Ажырасқандар үшін бала сауда ойыншығына айналды

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 15.12.2022
Обновлено 15.12.2022 в 03:12
Поделиться
Фото: ашық дереккөзден
Поделиться

Елордада VII республикалық әкелер форумы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мазмұны
Әкелердің 1-2%-ы ғана баласын құшақтайдыБала тәрбиесіне әке рөлі жетіспейдіЖас әкелер отбасын не үшін құратынын білмейді

Әкелер отбасын материалдық қамтумен, бюджетті басқарумен әуре. Енді үйленіп жатқандар арасында не үшін отбасын құрып жатқандарын түсінбейтін жігіттер көп. Соның кесірінен балалардың сабақ үлгерімі нашарлайды, балаға әке мейрімі жетіспейді. Жас отбастары арасында ажырасу жиілегендіктен баланың ана мен әке арасындағы саудаласу затына айналған жайттар көбейген.

Бүгін елордада AQ Group компаниялар тобының демеушілігімен өткен VII республикалық әкелер форумы қазіргі қоғамымыздағы осындай өзекті мәселелерді сөз етті. Биылғы форум «Отбасы – ұлт тірегі» тақырыбына арналған.

 Фото: Halyq Uni

Әкелердің 1-2%-ы ғана баласын құшақтайды

Шара ұйымдастырушысы Әкелер одағының төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбетовтің айтуынша, қазір ұйымда мыңнан астам әке бар. Тарихымызда отбасында әкенің проблемасы болмаған. Сондықтан ұйымның негізгі мақсаты – әкелер институтын дамыту емес, оны қалпына келтіру.

Себебі ол мәселе ретінде көтеретіндей жағдайға жеткен. Сенат депутаты, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлейменованың сөзінше, әлеуметтік сауалнамаға бойынша, қазір әкелердің 1-2%-ы ғана 6-7 жастағы балаларымен құшақтап, көңілін аулайды. Ал бұл баланың нағыз қалыптасатын кезі.

Сондай-ақ, қазір тұрмыстық зорлық-зомбылықтан бөлек, үйленген жастар арасында баласы барына қарамастан ажырасу көптігін айтады. Содан кейін бала ортада сауда ойыншығына айналады.

Анасы баласын әкесіне көрсетпейді. Сөйтіп, өзінің іштей ренішін, қыжылын бала арқылы жүзеге асырады. Яғни, баласының қамын ойламай, тек өзінің «эгосын» ғана іске асыратын жағдайлар бар. Ал бала екі қанаты тең болуы керек, әкесін көріп өсуі керек. Сондықтан бұл жерде ерге де, әйелге де балаға нұқсан келтірмейтіндей, анасынан да, әкесінен де мейірім көріп өсетіндей саналылық керек,

 дейді сенатор.

Бала тәрбиесіне әке рөлі жетіспейді

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мәліметі бойынша, 2021 жылы 3,5 мың ер адам бала күтімі бойынша демалыс алған. Қоғамдық зерттеулер институтының мәліметіне сәйкес, сауалнамаға қатысушылардың 40%-ы отбасындағы бала күтімі мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттемелерді тең бөлісетінін айтқан. Ал 72,3%-ы балаларымен бірге серуендеуді, бос уақытын өткізуді жиі ұйымдастыратыны анықталған.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің сөзінше, министрлік жуырда ата-аналардың, соның ішінде әкелердің рөлін зерттеуге тапсырыс берген. Соның нәтижесі бойынша, әкелердің бала тәрбиесіне тым аз араласатыны көрініп тұр.

Зерттеу нәтижесі бойынша әкелер арасында отбасының материалдық қажетін қамтамасыз ететіндері 50%-дан жоғары. Отбасылық бюджетті басқарумен айналысатындары 21%. Тек 9,6%-ы ғана балаларын спорт секциялары мен үйірмелерге апарады екен.

Ал аналарға келсек, балаларының сабағын қарап, үй жұмысын тексеретіндері 39%. Балаларының денсаулығына қарайтындары  34%. Ал 24%-ы балаларын спорт секциялары мен үйірмелерге апарады.

Ал Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық TIMSS зерттеуін мысалға келтірді. Онда баланың сабақ үлгерімінде де ата-атаның рөлі зор екені көрініс тапқан. Мысалы, 4-сынып балаларының білім беру сапасы зерттелген. Сонда баланың оқу үлгерімі мұғалімнің біліктілігі немесе мектептің материалдық жабдықталуы ғана емес, ата-ананың баласының мектептегі үлгеріміне қызығушылық білдіруіне байланысты екенін анықталып отыр.

Және бір атап өтерлігі, үй жұмысын орындауға көмектесіп, мектептегі жағдайын сұрап отыратын ата-аналардың балалары үлгерімі жөнінен басқа балалардан кем дегенде 1 жылға озып тұратыны анықталған.

Министрдің сөзінше, бүгінде «Білім беру ұйымдарында тәрбие беру қалай жүруі керек?» деген тұжырымдама дайын. Абайдың кемел адам тұжырымдамасы аясында жасалған жұмыс жуырда жарияланбақ.

Жас әкелер отбасын не үшін құратынын білмейді

Отбасы коучы, педагог, 7 жылдан бері отбасы мәселелерін зерттеп келе жатқан Асхат Әбжановтың сөзінше, отбасылық зерттеу нәтижесі әкеге қатысты үш басымдықты көрсеткен.

Бірінші функция – қаржыландыру. Әке отбасын қамтамасыз ету үшін қаржы құяды. Екінші мәселе – отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Үшіншіден, әкенің басында «не үшін отбасын құрып жатырмын?» деген сауал тұрады. Көбі оған бас ауыртып жатпайды. Отбасын құрды, балалы болды, сонымен бітті. Бірақ отбасы не үшін керек, қандай қажеті бар деген жағын жеткілікті ойланып жатпайды.

Үш жылдан бері жас отбастарымен айналысып келем. Маған келетін жас әкелер өз басының жайлылығы үшін отбасын құратынын айтады. Яғни, оларға асын, киімін дайындап беретін адам керек. Ал өзі жұмыс істеп, ақша тауып жүрсе болғаны. Бірақ олар әйеліне қаншалықты қолайлы жағдай жасау қажет екеніне, бақытты болуына мән бермейді,

дейді ол.

«Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігі елордада 2012 жылдың тамыз айында құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты – әкелердің балаларды тәрбиелеуге белсенді қатысуын насихаттау және әкелерді оқу орындарының қызметіне белсенді қатысуға тарту, сондай-ақ, әке болудың беделін нығайту мақсатында іс-шараларды өткізуге бағытталған. Одақтың 10 өңірде филиалы бар. Мектептерде әкелер кеңестері ашылған. Он шақты бағдарламамен жұмыс істеп жатыр.

ТЕГи: Қазақстан, Сарапшылар ойы
Сая Манарбековна 15.12.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?